ҰЛТТЫҚ ӨНЕГЕ – ҰРПАҚ ҮШІН

Жангелдин ауданының білім беру ұйымдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын іске асыру мақсатында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаттарында, қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, ұлттық киімдердің тарихын оқушылар арасында кеңінен насихатталды. Оқушыларға ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлерді дәріптелді. Сынып сағатында «Салтым-алтын қазынам», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Салт-дәстүр-асыл қазынам», «Ұлттық киім ұрпаққа мұра», «Ұлттық киімдер», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Тұлым және тұмар» атты тақырыптар қамтылды. Мәселен,  Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебінің 4 сынып жетекшісі Лира Мендібаева  «Тұлым мен тұмар» тақырыбындағы сынып сағатында тұлым қою мен тұмардың қасиеті туралы түсінік берді. Суретте көріп тұрғандарыңыздай М.Дулатов орта мектебінің оқушылары қазақша киім үлгілерін киіп, «Ханталапайды» ұлттық ойынын ойнады. Ал, А.Қоңқабаев орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының «Бесік жыры» көрінісі, Амангелді орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасындағы «Қызық екен» интеллектуалды ойыны мен «Халық дәстүрі – асыл қазынам» тақырыбындағы көріністері сахналанды. Аудан орталығындағы үш мектепте онлайн платформадағы сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Оқушыларды салт-дәстүрді сақтай отырып, отаншылдық пен ерліктің, мәрттік пен жомарттықтың, қайырымдылық пен адамгершіліктің қадір қасиеттеріне ұғынды. Сондықтан сан ғасырдан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ұлағатты ұл, инабатты қыз тәрбиелеу баршамыздың басты міндетіміз.

Жансая ҚАЗЫМОВА,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.