Аудандық тілдерді оқыту орталығының ұжымы “Ұлттық тағамдар” күніне орай жас келіндер арасында “Kelinder ashanasy” атты байқау өткізді
Оған өздерінің бақтарын сынап, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жаңажыл Кемелтаева, Н.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих мұғалімі Замира Жамшитова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Гүлназ Сейтқазиева, Торғайдың мұражайлар кешенінің қызметкері Айжан Шаяхметова қатысты.
“Мен қазақтың келінімін” бөлімінде байқау үміткерлері өздерін жыр – шумақтары арқылы таныстырды. Сайыстың ережесі бойынша “Бәйге” бөлімінде (салт-дәстүр, әдет –ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап беру). Аса қиын сұрақтар болған жоқ. Десекте, жас келіндер салт – дәстүр төңірегіндегі сұрақтар нақты жауап таппай мүдіріп қалды. Тек лезде жауап берген Жаңажыл Сәбитқызының бұл бөлімде ұпайы басым болды. Ал, “Қонақ күте білеміз бе?” бөліміне барлық қатысушылар сақадай – сай дайындалып келген. Аспаздық өнерлеріне таңқылап, таңдай қақтық.
Ұлттық тағамдардың түр – түрін дайындаған келіндер, оның жасалу жолдарын түсіндіріп, айтып берді. Айтпақшы, байқау үміткерлерінің үстіндегі “Kelinder ashanasy” деп латын қарпімен жазылған белдемшені ұйымдастырушылар арнайы тапсырыс беріп тіктірген. Қазылар алқасы қорытындылай келе, Замира Серікқызы мен Айжан Бақытқызына 3 орынды тең бөліп берді. 2 орынды Гүлназ Болатбекқызы иеленді. Жүлделі 1 орынды Жаңажыл Кемелтаева жеңіп алды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бай – АХМЕТ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.