Лайықты марапат иесі

1920 жылғы 22 желтоқсанда Кеңестерінің VIII бүкілресейлік съездінде Ленин “ГОЭЛРО” жоспарын партияның екінші бағдарламасы деп атай отырып, көп жылдарға табынушылық болған формуланы ұсынды: “Коммунизм – бұл Кеңестік билік және бүкіл елдің электрификациясы” болатын.

Сол уақытта “ГОЭЛРО” жоспары өнеркәсіпті 70 км радиуста электр энергиясымен жабдықтау үшін отын (шымтезек, көмір, жанатын тақтатас, су энергиясы) шоғырына жақын 30 электр станциясын салуды қарастырған. Осы жоспарда ол жылдары “Түркменстан” болып көрстеліген Қазақстан да жоспарланған.

Өткен жылы КСРО экономикасын дамытудың бірінші перспективалы жоспарына айналған “ГОЭЛРО” (Ресейді электрлендірудің мемлекеттік) жоспарына 100 жыл толды.

Қызбел ауылдық округіне жұмыс бабымен барған аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов округ бойынша электр жүйесінің   бөлімше мастері Жаңбырбай Серіковке   “ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл” атты төсбелгіні салтанатты түрде табыстады.

Жаңбырбай Арғынтайұлы алғаш еңбек жолын 1978 жылы электр жүйесінің электрик мамандығы бойынша бастаған. Қазіргі таңда 33 жылдан бері  Саға ауылында өз саласы бойынша абыройлы қызмет атқарып келеді. Отанасы Бақытжамал апай екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірген. Тәтті қылықтарымен сүйсіндірген 3 немеренің ата-әжесі. Жұмыс атқарған уақыттарда көптеген аудандық, облыстық грамоталармен марапатталған. Атқарған жемісті қызметі үшін еңбегі еленген марапат иесі дән ризашылығын жеткізді.

Әйгерім ҚОЖАХМЕТОВА

“Қызбел ауылдық округі әкімі                              

аппараты” мемлекеттік

мекемесінің бас маманы

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.