Сүйінші, қызбелдіктер!

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында ұзақ жылдар бойы күткен ұялы байланыс іске қосылды

Бұл туралы Қызбел ауылдық округының әкімі Қайсар Нұрғазин хабарлады. Оның айтуынша, Алматы қаласының АЖИО компаниясы ауылға Beeline ұялы байланысын орнатқан. Соның арқасында ауыл тұрғындарын 3G интернетімен қамту мүмкіндігі туып отыр. Ауыл әкімі осы бір игілікті істің орындалуына ықпал еткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылдың шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырған еді.

«Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды» , – деген болатын Президент.

Ал қыркүйек айында Премьер-министр Асқар Мамин ауыл халқының 99%-ына интернет қолжетімді болатынын хабарлаған.

Нәтижесінде көптеген алыс ауылдарға ұялы байланыс орнатылды. Бұған Қостанай облысына қарасты Жангелді ауданындағы ауылдарды мысал етуге болады.

Осылайша, күні бүгінге дейін ұялы байланыс пен интернеттің игілігінен қағылып келген қызбелдіктер кеш те болса қуанышқа кенеліп отыр.

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ әлеуметтік парақшасынан

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы: Көкалатқа көшіп келіңіз

Ауыл сізді құшақ жая қарсы алады! (далее…)

16 часов ago

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

16 часов ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.