Ауызсу – ауылдықтар үшін енді мәселе емес
Албарбөгет ауылдық округіне қарасты Көлқамыс ауылында орталықтандырылған су қондырғысы салынды. “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасының игілігі мен шарапатын көлқамыстықтарда көріп отыр. Шағын ауылды тұщытылған таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 105 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер атанған “Алюминстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтап, елдің алғысын алды. Аталған серіктестіктің басшысы Абай Мұқановқа ауылдықтардың ризашылығы зор. Көптен күткен игілікті шараныңда ашылуы салтанатты түрде өтті.
Оған арнайы аудан әкімі Шота Оспанов, аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Әміров, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев қатысты. Аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы ауылдықтарды қуаныштарымен құттықтады.
– Кешегі жекешелендіру кезінде бірқатар бөлімшелер жабылып иесіз қалды. Сол кездегі Көлқамыс бөлімшесі ауыл ақсақалы Кәкімжан Карбозовтың арқасында сақталып қалды. Үдере көшкелі отырған жұмыссыз халыққа жұмыс тауып беріп, мал шаруашылығын өркендетті. Көпке үлгі болды. Әр ауылда бас көтетер қариялардың болғаны жақсы. Шағын ауылдың келешегі алда деген үміт пен сенім болды. Біттеген ой жүзеге асып, ауыл көркейді. Ең даласы төрт түлік малға толды. Шаруашылық шеңбері кеңейіп, тұрғылықты халықтың әл – аухаты артты. Түптеп келгенде осының барлығы тынымсыз еңбектің арқасы. “Еңбек түбі – береке” деп дана халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан ауыл жастарына айтарым, еңбек етсеңіздер жемісін көріп, ел экономикасының дамуына үлес қосасыздар, – деді аудан әкімі.
Ауыл қариясы, Қостанай облысының, Арқалық қаласының, Жангелдин ауданының “Құрметті азаматы” Кәкімжан Карбозов облыс, аудан басшылығына елдің атынан алғыс білдірді. Ауыл жастарын еңбек етуге шақырды. Өткен қоғамдағы қиын кезеңдер бүгінгі қоғаммен салыстыруға мүлдем келмейтіндігін айтты. Себебі, қазіргі кезде заман дамып, адам соған икемделгендігін ашық жеткізді. Көпті көрген қарияның айтқан әр сөзінің мазмұны салмақты, мағынасы зор. Көкалат ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Отаралы Біржікенов, округ әкімі Аманжол Торбаев тілектестіктерін жеткізді. Сонымен қатар, Аманжол Қуанышбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 30 қыркүйегіндегі Жарлығы бойынша “Алтын алқа” алқасын көп балалы ана Роза Жұмабаеваға тапсырды. Сөз орайы келгенде айта кеткен жөн шығар. Жалпы, Көлқамыс ауылы жыл сайын көркейіп келеді. Мәселен, “Туған жерге тағзым” бағдарламасы бойынша “Сыма-К” жеке шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Манат Кәкімжанұлы ауылдың абаттандыру жұмыстарына бас назар аударған. Ол орталық көшенің 350 шаршы метр жеріне жаяу жүргіншілер жолын төсеп берді. Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша “Жомарт жүрек” номинациясының иегері атанды. Ондағы тұрғын үйлердің барлығы заман талабына сай. Барлық үйлерге жылу жүйесі тартылған. Ауылдық ағайындардың тұрмыс – тіршілігі қала тұрғындарынан кем емес. Биыл тағы екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауылға мемлекеттік бағдарламамен келген жас мамандарды тұрғын үймен қамту мүмкіндігі толық қарастырылған. Карантиндік сақтық шараларына байланысты студенттер қашықтан оқу үрдісін ауылдан жалғастырып, білім алуда. Осыған орай жылдамдығы жоғары интернет желісі де қосылған. Ауылдың әлеуметтік, мәдени, рухани жағдай жыл санап өркендеп келеді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.