Интеллектуалдық байқау өте қызықты өтті

Онда оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді

Болашаққа бағдар:«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Білім беру бөлімінің» ұйымдастыруымен II республикалық ғылыми-практикалық жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты интеллектуалдық конкурсы өтті.

Жалпы конкурс 9-10 сынып аралығында, 7 мектептен 23 оқушы қатысты. Конкурс 2 турдан тұрады: 1-тур Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақтар, 2-тур 4 номинация бойынша өтті. Қорытындылай келе:

– «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша I-орынды  Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жанеля Асқарқызы, II-орынды Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Наргиз Мүсілім, III-орынды Н.Г.Иванов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерұлан Рахымжан иеленді.

– «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша II-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайрат Жәкіш, III-орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айзат Қылышбек иемденді.

– «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша I-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әулетбек Жүсіп, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыңғыс Сәлім, III-орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жансая Серік жеңіп алды.

– «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша II-орынға Ы.Алтынсарин 9 сынып оқушысы Гүлназым Нұрханқызы, III-орынға Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақбаян Жаңбырбай лайықты деп бағаланды.

Гүлдана ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ,

Аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.