Ғалым да шахтер да бас иетін…

Мерекеге орай ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаз – деген сөзге сансыз ұлылыққа адамзат баласы тағзым етіп, бас иеді. Ұстаздың бар байлығы – өзі тәрбиелеп өсірген саналы да білімді шәкірттері. Өскелең ұрпақты сапалы біліммен һәм саналы тәрбиемен сусындатып жүрген ұстаздар қауымы ұлттық стратегиямыздың маңызды тетігі. Қай заманда болмасын ұстаздарға деген шексіз құрмет еш сейілмеген. Олар қашанда құрмет пен мадаққа лайықты жандар. Олар таңдаған мамандық жаңа өмірдің баспалдағы іспетті. Сондықтан ұстаздар қауымы өмірдің айнасы, көңілдің жайма шуақ көктемі.

Кеше аудандық мәдениет үйінде білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты шара өте жоғары деңгейде өтті.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы». Ұлағатты ұстаздарды құттықтау және марапаттау үшін сахна төріне аудан әкімі Шота Оспанов шақырылды. Аудан басшысы барлық білім қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

-Ұстаз – ұлы ұғым. Өйткені, сөз бастайтын ақын да, ғалым да, қол бастайтын батыр да ұстаздың тәрбиесін алып, мейірім-шапағатына бөленіп өседі. Сіздер тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес болашағымыздың негізін қалаушысыздар. Сондықтан, сіздерге қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Елдегі білім мен ғылым саласына жасалып жатқан қамқорлықтар, оқу базаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаралып жатқан қаражаттар күн санап артып келеді. Бұның бәрі кемел келешегіміз үшін. Ал, сол келешекке білім нәрін құятын әрине ұстаздар. Сондықтан баршаңызға амандық, елеулі еңбектеріңізге жеміс және толағай табыстар тілеймін, – деді сөз соңында.

Сонымен қатар, «Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Минитрлігінің «Құрмет грамотасын» Қаратүбек орта мектебінің директоры Ғабдымәжит Садуақасовқа, Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары Сәбит Сейдахметовке, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Гүлмайран Әбілдинаға, Албарбөгет орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Ғалия Бектұрғановаға салтанатты түрде табыстады. Сондай – ақ, аудан әкімінің “Құрмет грамотасымен” білім саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметов ұстаздарға деген өзінің жылы лебізін арнап, облыстық білім басқарамысының «Құрмет грамотасын» және аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттарын сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған мұғалімдерге табыс етті. Зейнеткерлік жасқа келіп, мерейтой иесі атанған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Қонысбай Ражановқа және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қарлығаш Спабековаға құрмет көрсетті. Мерекелік кешке арнайы шақырылған білім саласының ардагерлеріне көрсетілген ерекше құрметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мектеп оқушылары ұстаздарға деген шынайы алғыстарын жыр- жолдарымен жеткізді. Жас ұстаздар қауымы әуезді әнмен кештің шырайын келтірді. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің бишілері мың бұрала би – билеп, домбырашылар күмбірлетіп күй тартты. Мерекелік концерттің бағдарламасын әзірлеп, жақсы өтуіне мұрындық болған өнер мектебінің ұстаздары Алмас Сейілханов пен Алмас Нұрлан. Бұл өнерлі қос азамат аудан көлеміндегі мерекелік іс – шаралардың кескінін келістіріп, көркемдік жағын әспеттей білген өнер иелері.

Мерекелік шарадан кейін «Шаңырақ» шатханасында қонақасы берілді. Көптеген тілектер айтылып, тағлымды әңгімелер өрбіді. Бір – бірін мерекемен құттықтап, естелік суреттерге түсті. Соңынан көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.