Онда оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді
Болашаққа бағдар:«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Білім беру бөлімінің» ұйымдастыруымен II республикалық ғылыми-практикалық жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты интеллектуалдық конкурсы өтті.
Жалпы конкурс 9-10 сынып аралығында, 7 мектептен 23 оқушы қатысты. Конкурс 2 турдан тұрады: 1-тур Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақтар, 2-тур 4 номинация бойынша өтті. Қорытындылай келе:
– «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша I-орынды Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жанеля Асқарқызы, II-орынды Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Наргиз Мүсілім, III-орынды Н.Г.Иванов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерұлан Рахымжан иеленді.
– «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша II-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайрат Жәкіш, III-орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айзат Қылышбек иемденді.
– «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша I-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әулетбек Жүсіп, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыңғыс Сәлім, III-орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жансая Серік жеңіп алды.
– «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша II-орынға Ы.Алтынсарин 9 сынып оқушысы Гүлназым Нұрханқызы, III-орынға Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақбаян Жаңбырбай лайықты деп бағаланды.
Гүлдана ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ,
Аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.