Екпеден төнер қауіп жоқ…

Әлем елдерін жайлаған жұқпалы індеттің беті қайтпай тұр. Керсінше күн санап өршіп келеді

Санитарлық сақтық шаралары қатаң бақылауда. Бірақ біздің көңіл жықпастығымыз бен қонақжайлылығымыз әлі күнге толастар емес. Төленетін айыппұлға да етіміз үйреніп алды. Шақырған қонақтан бұрын айыппұлдың ақшасын бірінші дайындап қоятын әдетке бастық. Түптеп келгенде жақынымызға жанашырлық таныта алмай отырмыз. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыздың келешегіне алаңдаудың орнына немқұрайлылықпен қараудамыз. Карантин талаптары жеңілдетілсе, босансый бастаймыз. “Жұқпалы індет атымен жоқ, Үкіметтің ойлап тапқаны” деп бос сөздің жетегінде жүрміз. Өткен жылы маусым – шілде айларында  жұқпалы індеттің алғашқы белгілеріне шалдыққан науқастардың көптігінен аудандық ауруханада бос орын болмай қалды. Қаншама  атқа мінер ел азаматтары осы індеттің құрбаны болды. Сонда да сенбедік. Биылдың өзінде екі отбасының мүшелері осы індетке шалдықты. Олар облыс орталығындағы көпшілік шоғырланған той – домалаққа барып, жұқтырды. Қайта дер кезінде анықталып, уақытылы  ем – дом қабылдады. Сондықтан әрбір қаңқу сөзге ермей, медицина мамандарының кеңесіне құлақ асқан дұрыс. Жақында ауданымызға 120  дана “Спутник V” екпесі келді. Алдымен жедел жәрдем, жұқпалы аурулар бөлімшесінің және СЭК мекемесінің қызметкерлері екпе салдырды. Менде алғашқылардың бірі болып екпе жасаттым. Екпеден кейін ешқандай жағымсыз әсерлер байқағам жоқ. Керсінше, бойым жеңілдеп, “жұқпалы індет жұғады”  деген күдіктен арылдым. Барлығы да өзіміз үшін. Ешкімді мәжбүрлеп екпе салдырмаймыз. Әркім өз денсаулығына жауапты. Түсіністікпен қарағандарыңыз жөн. Жаппай екпе салдырсақ, елдігіміз үшін. Одан келер еш қауіп қатер жоқ. Маған сенбесеңіздер екпе салдырған медицина саласының қызметкерлерінен сұрасаңыздар да болады. Екінші кезекте педогогика саласының мамандарына да екпе жасалатын болады. Вакцинация ерікті түрде жүретінін естеріңізден шығармаңыздар. Қарсы әсерін анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммундаудан кейінгі ықтимал жағымсыз нәтижелер, вакцинаны егу әдістері мен сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәлімет берілген нұсқаулық болуы керек. Сондықтан қарсы көрсетілімдер тізімін ұсыну мүмкін болмай тұр. Айта кету керек, кез келген вакцинаны салған кезде адам ағзасы иммунитет қалыптастырады, аз уақытқа дене қызуы көтеріліп, екпе салған орын қызарады немесе ісіну секілді жағымсыз өзгеріс болуы мүмкін. Адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға салынбайды.

Қайрат   КӘДІРМЕНТАЕВ

Жангелдин аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау  басқармасының

    басшысы

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.