Дара тұлғаның мерейтойына орай жыр мүшайрасы ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойына орай  Қ.Топаев атындағы орта мектебінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты   жыр мүшайрасы өтті.

Жыр мүшайрасына 1-10 сынып оқушылары үлкен белсенділікпен атсалысты. Сахна тақырыпқа сай безендіріліп, оқушылар шығармашылығынан суреттер, рефераттар, эссе жинақтары қойылды. Кеш барысында «Кім жылдам» бөлімінде ақынның өмір жолы, шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берген көрермендерге сыйлықтар табысталды.

Өлеңдерін жатқа оқу барысында  І орынды 6 сынып оқушысы Мұхаммедханафия Жақсылық  жеңіп алды. ІІ орынды 3 сынып оқушылары ағайынды  Еркежан мен Темірлан иеленді. ІІІ орын 3 сынып оқушылары Әдемі Мұхамеджан мен Айару Марат иемденді. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс – шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Гүлмира ТОҚЖІГІТҚЫЗЫ,

мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.