Азаттық үшін алаңға шыққан қайсар қыз
“Желтоқсан желі, тоңдырды мені” осы ән еске түскенде Алматының орталық алаңындағы өр мінезді жастардың ерлігі көз алдымызға келеді. Жазықсыз жазаланған қазақ жастары еркіндіктің жолында құрбан болды. Ақ ұлпа қар қызыл қанға боялды. Әділетсіздіктің туы желбіреп, әлсіздердің күні туды. Аспан түнеріп, дала күңіренді. Баласынан айырылған аналардың зары естілді. “Бүлікшілер” деп айып тағылғандарды темір торға тоғытты. Жазалады. Ату жазасына бұйырды. Сол еркіндік үшін алаңға шыққан өрімдей жастардың арасында жерлесіміз Жұмакүл Бекентаева болды.
Желтоқсан оқиғасын көзбен көрді. Жантүршігелік жәйіттерді бастан кешті. Бұл кісі Шеген ауылының тумасы. 1966 жылы 22 шілде де дүниеге келген. “Жас қадам” комсомол жастар бридасында болды. 1985 жылы Алматы қаласындағы КазПИ- дің филология факультетіне оқуға түскен. Желтоқсан оқиғасына қатысқан үшін оқудан және комсомол қатарынан шығарып жіберген. Туған жерге келіп, “Ақбұлақ” сауыншылар бригадасында жұмыс істеді. Қара жұмысқа білек сыбана кірісіп, көзге түсті. Мақтау мен мадақтамаларға лайықты деп бағаланды. Алматы қаласындағы оқуын сырттай жалғастырып, 9 жылдан кейін диплом алды. мектеп – интернатында тәрбиеші болып жұмыс жасады. 1990 жылдан бастап, Амангелді орта мектебінде ұстаздық қызмет жасап келеді. Ұлағатиты ұстаз, ардақты ана, асыл әже. Құлындай құлдыраған кішкентай үш немересі бар.
– Жастар алаңға көптеп жиналды. Қолдарына ұстаған плакаттары бар. «Кетіңдер! Тараңдар!» деген басшылықтың сөзін назарға алар емес. Кезек-кезек жарыса сөйлеп жатыр. Желтоқсан айы болған соң ба, қыстың ызғары білінеді. Бірақ оны елейтін жастар байқалмайды. Бес қаруы бойында, сапер күректері қолында, қасқыр иттерін жанында ұстап тұрған солдаттар белгі берілісімен жастарға қарай лап қойды. Айғай-шу, жер-көкті дүрбелеңге салған топалаң басталды. Жылаған, алысқан жұрт. Жанұшыра айғайлаған дауыстар. Жастарды қаланың шетіне апарып тастау үшін қолға түскеннің бәрін жүк көлігіне тиеп жатыр. Кейбірі мәшине бортынан секіріп, қашып үлгеруде. Әскерилер ешкімді аяр емес. Жап-жас қыздарды шашынан сүйреп, тепкінің астына алды. Осы сәтте менде қолға түсіп, екі солдат оны қос бүйірімнен тепкілей бастады. Көз алды тұманданып кетті. Арғысы есімде жоқ. Сүт пісірім уақыттан соң есін жиып, қарасам, қарсы жүріп келе жатқан мәшинені көрдім. Қанша бұлқынсамда, орнынан тұра алмадым. Өмірмен қош айтысар сәт жақындағандай болды. Кенет бір қазақ солдаты мені жерден көтеріп алып, сайға лақтырып жіберді. Ия, ол ауыр кезеңдер еді. Қазақтың өрімдей ұл-қыздарына «бүлікшіл» деген ат тағылды. Қаншасы оқу орнынан шығып қалды. Қазіргі Тәуелсіз елдің ұрпағында еш арман жоқ. Егемендікке қол жетіп, еркіндіктің қызығын көруде, – дейді Жұмакүл Ескендірқызы.
Арада 5 жыл өткен соң Тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы Тәуелсіздігімзді жариялады. 29 жыл ішінде әлем таныған мемлекетке айналдық. Бұл қазақ елінің пешенесіне бұйырға бақ.
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.