Ана мен бала денсаулығы назарда

Жаңа перзентханада нәресте дүниеге келді

Биыл аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтті. Заманауи технологиямен жабдықталған орталық аурухана сапалы қызмет жасауға  әзір. Осыдан үш апта бұрын жаңадан пайдалануға берілген “Перзентхана” бөлімшесінде жарық дүние есігін ашып, өмірге сәби келді. Ақкөл ауылының тұрғыны Гүлнафис Шорманова  үшінші мәрте ана атанды. Сәбидің есімі Аманжол. Бас дәрігердің міндетін атқарушы Қуат Әлмағамбетов, дәрігер, акушер-гинеколог Күләнда Қабулова, бас дәрігердің орынбасары Шалқар Болатұлы бастаған медицина саласының қызметкерлері жаңа туған нәрестеге сый – сияпат жасады.

Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы. Халық санының  көбейіп, ауданымызда  бала туу көрсеткіші арта берсін. Алтын құрсақты аналарымыз аман болсын. Жас сәбилерін құшағына алып, перзентханамыздан аман сау шығып, ана мен бала бақытына бөленсін. Аты жаман індеттен, төрт көзіміз түгел, аман-сау болайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын…

“Әйелдер кеңес орны мен перзентхана ұжымы”

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.