Есімі “Қазақстанның Алтын кітабына” енді
Ел іргесінің берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы әрбір перзенттің іс әрекетімен өлшенбек. Игілікті істердің ұйтқысы болып жүрген, тіршілігіне кісі қызығар, пайым -парасатына жан сүйсінер текті тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, рухани болмысы биік, жастарға үлгі боларлық ғибраты мол, халқымыздың мақтанышына айналған жандар туралы қанша мақтау айтсақта жарасады.
Елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ есінде сақтауы тиіс. Осы бағытта республикалық “Orda.kz” баспа үйі әр аймақтың шоқ жұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт -бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы “Қазақстанның Алтын кітабы” энциклопедиясын басып шығарды. Елге қызмет етіп, биік белеске көтеріліп, жетістікке жеткен жандарды бір жинаққа топтастырып, ұлы тұлғалардың болмыс – бітімін, кейінгі ұрпаққа ұсынып отырған кітапта негізгі салалардың барлығы қамтылған. Аталмыш кітапқа Жангелдин ауданының тумасы Жылқыбай Бакировтың есімі енді.
Ардагерлер үйінде Жылқыбай Мирақайұлын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов және ауыл ақсақалдары құттықтады. Қарсақбай Бірмағанбетұлы өмір жолына, ауданның ауыл шаруашылығының дамуына қосқан еңбегіне тоқталып, жүрек – жарды жылы лебізін білдірді. Жылқыбай Бакиров сонау қиын қыстау замандардан қой шаруашылығының өсуіне көп септігін тигізген. Уақытпен санаспай жүргізген жұмыстары мен еткен еңбектеріде елеусіз қалған жоқ. Аудандық, облыстық, республикалық марапаттармен марапатталған. Қазіргі таңда Торғай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, “Қолдау-Торғай” қоғамдық қорының төрағасы қызметін абыройлы атқарып келеді. Батагой ақсақалдың жолдасы, “Алтын алқа иегері”. Батыр ана. Күлшайым Жиенбаева екеуі 3 ұл 6 қыз өсіріп, тәрбиелеген. Балалардың бәрін құтты орнына қондырып, олардан 25 немере,11 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.