“Балқия” ауылдарға жол тартты

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің театр әртістері гастролдік сапармен шығып, ауыл, ауылдық округтерді аралады

Олар қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатовтың “Балқия” драмасын сахналап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. 1922 жылы жарық көрген драмада өзінің бас бостандығы үшін күрескен қыздың тағдыры жайлы жазылған. Зейін қойып қарасаңыздар  “Бақытсыз Жамал” романының екінші бөлімі іспетті. Мәдениет үйінің өнер ұжымы драмадағы кейіпкерлерді нақышына келтіріп сомдап, елдің алғысын арқалады.

Әсіресе, Алмас Нұрлан, Шыңғыс Сәдуақасов, Марғұлан Қасымбек, Фариза Бүркітбай нағыз таланатты актерлар екенін дәлелдеді. Карантиннің құрсауында отырған ауылдық ағайындардың көңілдері бір серпілді. Ұлттық өнерімізге сусаған өнер сүйір қауымның жүздері жадырап, рухани демалып, марқайып қалды. Сонымен қатар, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, көпшіліктің назарына “Ауылым алтын бесігім” атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Ауыл, ауылдық округ әкімдері өнерлі ұжымның еңбегіне табыс тілеп, елдің атынан алғыстарын айтты.

Байбатыр  НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.