Онда аудан әкімі Елбасының салиқалы саясатын, даналығы мен даралығын тілге тиек етті
Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды. Аудан әкімі Шота Оспанов аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады. Елбасының салиқалы саясатын, даналығы мен даралығын тілге тиек етті.
– Бұл күн – біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні. Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай өзіміз күнде көріп жүрген қәзіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білуде айрықша айқындап берді. Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте – Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Қазіргі таңда барша әлем Қазақстанды Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес. Ауданда көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсарып келеді. Бұл – ел бірлігінің, ағайынның татулығының арқасы. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Еліміздің болашағы – баянды, келешегі – кемел, бірлігіміз – берекелі, татулығымыз – берік болсын, – деді.
Мерекелік құттықтаудан кейін марапаттауларға кезек келді. Аудан әкімінің грамотасымен, желілік – техникалық цехының электромонтеры Қажымұрат Қойшығұловты, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Сапаровты марапаттады. Сондай – ақ, «Рухани қазына – 2019» республикалық байқауына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің алғыс хатын, Жаркөл ауылдық округінің клуб меңгерушісі Бақыт Төлебаевқа, кітапхана саласын дамытуда адал жұмысы мен кітап оқу мәдениетін ұйымдастырудағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасы директорының құрмет грамотасын, аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Майра Нұрғазинаға және Венера Батыроваға табыстады. Ал, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының башысының грамотасын аудандық мәдениет үйінің қызметкері Фариза Бүркітбайға табыс етті.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертпен жалғасты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.