Өткен сенбі күні аудан әкімі Шота Оспанов жұмыс бабымен Қызбел ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандарды аралады
Оның ішінде М.Дулатов атындағы орта мектебіне ат басын бұрып, жылу жүйесінің қандай қалыпты жағдайда тұрғанын бақылады.
Артынша, ауылдың ақсақалдарымен кездесті. Былтырғы жылы ауыл әкімінің жылдық есеп беру жиынына барғанда ауылдықтар ұсыныс айтып, жедел – жәрдем автокөлігін сұраған болатын.
Аудан әкімі 2019 жылдың аяғына дейін жергілікті бюджет есебінен жаңа автокөлік алып беруге уәде еткен еді. Міне, соның орайы Тұңғыш Президент күні келіп, жедел – жәрдем автокөлігінің кілтін табыстап, ауылдық ағайынға берген уәдесін орындады.
Ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, аудан басшысына алғыс айтып, ел үшін атқарып жатқан жұмысына табыс тіледі. Аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин да ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, тілектестігін жеткізді.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.