Өткен айда Әулиекөл ауданында Б.Кенжетаевты еске алуға арналған ашық республикалық-рейтингілік тоғызқұмалақ жарысы өткен болатын
Оған біздің ауданнан 4 оқушы қатысып, республикалық чемпионатқа жолдама алған еді. Семей қаласында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан Айару Жолдыбайқызы жүлделі 3 орынды иеленіп қайтты. Ол Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Әке жолын жалғаған Айарудың келешегінен зор үміт күтуге әбден болады. Себебі, әкесі Жолдыбай Биғазин қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттап келеді.
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.