Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ұлттық құндылықтар жаңғырып, рухани мұра қайта түлейтін ерекше кезең. Бұл мереке – тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің қайта жанданатын сәті. Осындай кезеңде ұлттық өнерді дәріптеп, мәдениетке өзіндік үлес қосып жүрген жандардың еңбегі қашанда ерекше құрметке лайық.

Солардың қатарында Н.Ахметбеков атындағы Жанкелдин аудандық мәдениет үйінің режиссері, өнерпаз, көпбалалы ана Фариза Бүркітбай бар. Ол – бойына бірнеше өнерді тоғыстырған, сахна мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген жандардың бірі.

Фаризаның өнерге деген қызығушылығы бала кезден бастау алған. Оның бұл жолды таңдауына анасының ықпалы зор болды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ түрлі мәдени шараларға белсенді қатысып, айтыс өнерінде де өзін таныта білді. Сонымен қатар би үйірмесіне қатысып, жан-жақты дамуға талпынды. Бұл оның болашақта үлкен өнер жолына түсуіне берік негіз қалады.

Арман қуып Арқалық қаласына аттанған жас өнерпаз домбыра мен қобыз аспаптарын меңгеріп, кәсіби білім алады. Студенттік шақта отбасын құрып, ана атанса да, білімін аяқтаудан бас тартпайды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы туған жеріне оралып, мәдениет саласында еңбек жолын бастайды.


Бүгінде ол – тек өнер адамы ғана емес, үлкен отбасының ұйытқысы. Көпбалалы ана ретінде отбасы мен қызметті қатар алып жүру – үлкен жауапкершілік. Дегенмен, жақындарының қолдауы оған қанат бітіреді. Фариза өз ойымен бөлісті:

«Өмір деген көрегендіктен тұрады. Жастай тұрмыс құрсам да отбасының құндылығын қастерлеп, білмегенімді үйренуге тырыстым. Ауылда тұрған соң бәріне үлгеруге міндеттісің. Уақыт өте бейімделіп, өзімді дамытып келемін» – дейді ол.

Фариза Бүркітбай аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып, өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдеп келеді. 2024 жылы облыстық «Рухани қазына» байқауында «Аудандық мәдениет үйінің үздік қызметкері» атанып, еңбегі жоғары бағаланды. Бұл – жылдар бойғы табанды еңбектің жемісі.

Өнерпаздың шығармашылық ізденісі де толастаған емес. 2025 жылы ол композитор Болат Хамзиннің «Шолпаным жұлдызым» әнін жаңа форматта ұсынып, тыңдарманға жолдады. Бұл туындыға жас өнерпаздардың да үлесі қосылып, заманауи өңдеумен көрерменге жетті.

Сахнада да Фариза өзін жан-жақты актриса ретінде танытып жүр. «Оян, қазақ» спектаклінде Бәдрисафа, ал «Ояндың ба екен, Қазағым?!» қойылымында Ғайнижамал бейнелерін сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар «Мірдің оғы» әзіл-сықақ ұжымының құрамында республикалық байқауда бас жүлдеге ие болып, комедиялық жанрда да өзін дәлелдей білді.

Өнер жолының қиындығы мен жауапкершілігі мол екенін ол жақсы түсінеді. Дегенмен, нәзік жанның сезімі мен ішкі дүниесі шынайы өнердің қайнар көзі екенін атап өтеді. Сондықтан ол үшін өнер – ауыр жол емес, биік мақсатқа бастайтын қасиетті жол.

Алдағы уақытта Фариза өз шығармашылығын одан әрі дамытып, жаңа қырынан танылуды мақсат етеді. Ол жастарды туған жерге қызмет етуге, ауылды дамытуға шақырады. Оның пікірінше, үлкен арман тек үлкен қаладан басталмайды, керісінше, ауылдан бастау алып, биікке жетуге болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің жеке архивінен алынды

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі үлгілі әулет

Ұрпаққа өнеге болған Қабден Ерәділовтің еңбекке толы өмірі. (далее…)

6 часов ago

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

5 дней ago

Торғай даласында жоғалған Қостанай тұрғыны боранда аман қалды

Үш күн бойы іздестірілген азамат қарлы боранда далада түнеген. (далее…)

6 дней ago

Торғайда жабық хоккей корты пайдалануға берілді

Ауылда қысқы спортқа жаңа мүмкіндік. (далее…)

1 неделя ago

Возвращенные активы ускорили стройку водопровода в Шили Джангельдинского района

Если заглянуть на портал государственных закупок, проект все еще может значиться в списках «незавершенных», однако…

1 неделя ago

«Қыздарым – менің гүлдерім»

Төрт қыздың әкесі 8 наурызды ерекше қарсы алады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.