Ауданымызда «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Дәстүрлі  түрде өтіп отыратын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық  акциясы жалғасын тауып келеді. Ағымдағы  жылдың  шілде  айында  басталған  акция,  қыркүйек  айының  30 жұлдызына  дейін  жалғасатын  болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының  алдын алу үшін нақты атаулы көмек көрсету.

Жангелдин аудандық  білім  беру  бөлімімінің  маманы Бақыткүл Сейдахметованың  айтуынша, былтырғы оқу жылында ауданның барлық мекемелері, жеке кәсіпкерлер акцияға белсене атсалысқан. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан – 151 оқушыға 1 597 000 теңге көлемінде мектеп формасы, оқу құралдары және ақшалай көмек жасалып, бюджет есебінен – 29 оқушыға 203 000 теңге көлеміндегі мектеп формасы, киім-кешектер берілген. Барлығы 180 оқушыға – 1 800 000 теңге көлемінде көмек көрсетілген. Биылғы 2019-2020 оқу жылында 185 оқушыға көмек көрсетіледі  деп  жоспарланып  отыр.

Аудан әкімі  Шота Оспановта  аталмыш  акцияны  алғашқылардың бірі болып  қолдады. Ы.Алтынсарын атындағы орта мектебінің   6 сынып  оқушысы  Тамирис Сағидолла және қамқоршы әкесі  Болат Досмақовпен  кездесті. Тамириске  жаңа  оқу  жылын  сәтті  бастап,  үздік  оқушы болып,  ойлаған  арман  мақсаттарының  орындалуына  тілектестігін  жеткізді. Сонымен  қатар,  оқу  құралдарын,  киім  кешегін  өз  таңдаумен алсын  деген  ниетпен  ақшалай  көмек  көрсетті. Болат  Досмақовта  аудан әкіміне ризашылғын  білдіріп, алғысын  айтты. Ал, Тамиристің  мейрімді  сезінгенін жүзінен көрінген  жылулықтан  байқадық.

Кез-келген  адаманың  қолынан  келетін игілікті іс, нақты бір балаға көмек болатынына, оның бойына мейірімділік пен қайырымдылық үмітін орнататынына сенімдіміз. Сондықтан  жақсылық  жасауға  асығайық.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.