Мұнда қатысқан палуандардың бағы жанды
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімшесінде тәрбиеленіп жатқан оқушылар Арқалық қаласында өткен Қазақ күресінен 2005-2007 ж.т. жасөспірімдер мен 2004-2006 ж.т. қыз балалар арасындағы Қостанай облысының турнирінде ауданымыздың намысын қорғап қайтты.
50 кг салмақ дәрежесінде Нұржан Жексенбай І-орын, 42 кг салмақ бойынша Байбол Иманғали ІІ-орын, 38 кг салмақта белдескен Нұрислам Қалабай ІІІ-орын, 42 кг салмақта Бағдаулет Қосылбек ІІІ-орын, 46 кг салмақ Нұрбол Жексенбай мен Азамат Сабитбек ІІІ-орын, 51 кг салмақ дәрежесінде Бірлік Рақымжан ІІІ-орын, 55 кг салмақ бойынша Ескендір Кәкім ІІІ-орын, 57 кг салмақта Шалқар Орал ІII орын және 60 кг салмақ дәрежесінде Бақтияр Файзолла ІІІ-орынды иеленді.
Сонымен қатар Арқалық қаласында қазақ күресінен «Қостанай қыраны – 2019» жасөспірімдер мен балалар және жастар арасындағы облыстық III кезеңі өтті.
Обылыстық «Қостанай қыраны – 2019» III кезеніне Қостанай, Лисаковск, Арқалық қаласының және Қостанай, Жетіқара, Әулиекөл, Бейімбет, Амангелді, Жангелді аудандарының палуандары қатысты.
Осы жарыстың қорытындысы бойынша, палуандар әр салмақ дәрежелері бойынша II,III орындарға ие болды. Мәселен, 66 кг салмақ дәрежесінде II орынды Данияр Жолдыбай мен Ерболат Тайшығара иеленді. Ал, 74 кг салмақ дәрежесі бойынша Мақсат Ақтас III орынға табан тіреді.
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.