Асыл тұқымды мал басын өсіру жолға қойылды

Қызбел ауылдық округіне қарасты Саға ауылындағы шаруа қожалықтарының шаруашылықтары өркен жайып келеді. Кәсіптің көзі мал шаруашылығында екенін жақсы меңгерген

Мемлекеттік бағдарламаларға үнемі қатысады. Шағын кәсіп саласымен айналысып отырғандардың да қатары көп. Халқы ұйымшыл. Әр іске жұмыла кірісіп, жұдырықтай түйіледі. Ауылдың қоғамдық жұмыстарына араласып, қайырымдылық іс – шараларының басы – қасынан табылады.

Дәл осындай азаматтардың бірі Қарғалы Рысбек. Оның “Құмшық” елді – мекенінде “Қайнар” шаруа қожалығы бар. Мал шаруашылығымен айналысқанына  бір жыл көлеміндей ғана болған. Өзінің ірі қара, ұсақ малдары шамалы шаруашылықтардың мал басынан кем емес. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысу үшін “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 45 млн теңге несие алды. Қысқы мал азығын дайындайтын  Беларус-82  маркалы тракторы бар.

Оның сыртында  Литва мемлекетінен “Герефорд” тұқымды  45 бас ірі қара аналықтарын  сатып әкелді. Суретке қарасаңыздар өзіміздің  әулиекөлдік  ақбас сиырларға  қатты  ұқсайды. Бірақ,  бар болғаны 7-8 айлық қашар ғана.  Дене пішімдері 3 жасар қазақы сиырларға келеді. Бұлардан төл алу үшін өздері тұқымдас аталық керек екен. Шаруа қожалық басшысы жер – аяғы кеңіп, мал төлдеп болғасын бұл мәселені қолға алмақшы. Литвадан келген ірі қара малдары қазіргі таңда карантин режимінде. Мал дәргерлері олардан қан алып, тексерді. Қан құрамының қорытындысы оң нәтиже бергесін барып, өріске шығады. Алдағы уақытта аталған шаруашлық жайлы кең көлемде жазатын боламыз.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.