Ән әлемінің айнасы
Қазақстанның әр өңірінде, тіпті шет мемлекетте жүрген талантты, өнерлі жастардың көбісі киелі Торғай жерінің тумалары. Олардың түлеп ұшқан алтын ұясы Б.Хамзин атындағы өнер мектебі. Бойында дарыны бар шәкірттерді қанаттандырған өнер мектебі талай өнерлі жастардың бағын ашты.
Республикалық, халықаралық байқауларда бас жүлдені жеңіп алып, ауданымыздың мәртебесін көтерді. Абыройын асқақтатты. Дилара Қарекенова, Талғат Сапабеков, Қанат Ражанов, Жәуке Оңдаған, Фариза Жоламанова, Тасқын Әжібайдың есімдері мектеп тарихына алтын әріптермен жазылды.
90-шы жылдардың басында ауданымызда «Ахметовтер» «Хасенхановтар», «Жоламановтар» отбасылық ансамблдері құрылды. Өнер сүйер қауымның ыстық – ықыласына бөленіп, елдің ақ батасын алды. Дәл осы дәстүрлі үрдісті Қанат пен Әсем «Ражановтар» отбасылық дуэті жалғап келеді. Күні кеше Елорда төріндегі «Жастар» сарайында «Елім, сенің Арқаңда» атты отбасылық ән кеші өтті.
Тобыл – Торғай өңірінің таланттары, Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің алғашқы түлектері, эстрада әншілері, Қанат пен Әсемнің ән кешіне жиналған көрермендердің санында шек болмады. Облыс пен аудан орталығынан арнайы делегация барып, отбасылық жұптың мерейін үстем қылды. Кеш барысында Торғай жерінен шыққан және Қазақстанға танымал сазгерлердің әндері көптеп шырқалды. Әсем жетекшілік ететін «Кербез сұлу» ансамблі, әні Бақытжан Сәуекеновтікі, сөзі Еркебұлан Кәрімұлының «Туған жер» әнін нақышына келтіріп орындады. Ұлттық аспапты жетік меңгерген шәкірттері ән кешінің шырайын келтірді.
«Мен үшін ерекше есте қалар күн болды. Өнер мектебінің алғашқы түлектері жұлдызды жұп Қанат- Әсем Ражановтар «Елім, сенің арқаңда» атты шығармашылық есеп беру концертін берді. Концерт өте жоғарғы деңгейде өтті. Жас таланттарды қолдап, шығармашылық кештің ерекше сәнін келтірген Мұрат Нағашыбайға айтар алғысымыз шексіз. Өнерлерін өздеріне серік еткен, көпке үлгі, сахнаның сәні, Тобыл- Торғай өңірінің мақтаныштары Қанат пен Әсем ән әлемінде, өнер айдынында еркін жүзуін нәсіп етсін», -дейді ұстазы Жанар Асанханқызы.
Өнерді өгейсітпей, таланттарын үнемі қолдап жүретін қалың жұртшылық бұл кещте ерекше әсер алып, рухани демалды. Торғай жерінің даңқын шығарып, рухын көтеріп жүрген отбасылық жұп зор қошеметке ие болды. Кеш соңында Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігінің атынан сөз алған Ерлан Қалмақов тебірене сөз сөйлеп, отбасылық жұптың өнер өлкесіндегі тарихына тоқталды. Кезінде облыстық мәдениет басқармасында басшы болып тұрғанда Ерлан Болатұлы отбасылықтың жұпқа қолдау көрсетіп, өнер жанашырына айнлағанын өз көзімізбен көргенбіз. Облыстық «Жастар» сарайының директоры Бағдат Оспанов ізгі тілегін арнап, облыс әкімінің атынан ықылас гүлі мен алғыс хат тапсырды. Қанат пен Әсемнің ән кешіне арнайы келген қонақтарда сый – сияпат жасап, құрмет көрсетті.
2014 жылы Қанат пен Әсем шаңырақ көтерді. Сол жылы өнердің өлкесінде жүрген жас жұбайлар отбасылық дуэт құрып, ән әлемінің айнасына айналды. Облыс өңірінің мәдениетінің дамуына үлес қосып, кейінгі жас өнерпаздарға үлгі өнеге болып жүр. Қазіргі таңда Қанат пен Әсем облыстық Е.Өмірзақов атындағы филормонияда және «Мирас» қалалық мәдениет үйінде жұмыс істейді.
Астанада өткен отбасылық шығармашлық кеш Торғай жері табиғи таланттар мен өрелі өнерпаздардың ордасы екенінің тағы бір дәлелі.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Сурет: «Ражановтар» отбасылық архивінен алынды
Көрерменге жол тартты (далее…)
Ауылға көңіл бөлінді (далее…)
Қарапайым халықпен санаспай ма? (далее…)
Абыройлы жүргізуші (далее…)
Қарапайым халықпен санаспай ма? (далее…)
Береке бар ауылда (далее…)
This website uses cookies.