Қарттарым аман саумысың…

Ардагерлер мемлекет қамқорлығында

Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жылдың мамыр айында “Ардагерлер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қазіргі таңда зейнеткерелер мен еңбек ардагерлеріне және Чернобыль, Ауған соғысына қатысқандарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Зейнетақы мөлшерінің өсімін айтпағанда, жеңілдік ретінде көптеген көмектер беріліп жатыр. Сондай – ақ, Ауғанстан және Тәжікстан шекараларында болған сарбаздарға да жеңілдіктер бар. Осыларды халыққа түсіндіру үшін жауапты мамандар жоспарлы түрде жұмыс жасап келеді. “Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы Ләззат Зейнекина осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.

“Қариясы бар елдің – қазынасы бар” деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өткенге көз жүгіртіп, болашақты болжай білетін қариялар қашанда ел бірлігінің ұйытқысы. “Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын” деген сөздің түпкі мәнісі, түсінгенге қырық жыл азық. Бес күндік жалған фәниде қарияларға құрмет қылып, жылы сөзбен жұбату қанымызда бар қасиет. Егде тартқан үлкен кісілердің амандығын білу әуел бастан санамызға сіңген.

Күні кеше жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекина, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов аудан орталығындағы еңбек ардаргерлерінің шаңырақтарына барып, жаңа жыл мерекелерімен құттықтады. Хал жағдайларын сұрасып, амандықтарын білді. Жақсылық Ахметов пен Нағызқұл Әбдіғалиев  Тәуелсіздік алған жылдарға дейін елеулі еңбек жасаған кісілер. Торғай тарихында өзіндік қолтаңбалары бар еңбек ардагерлері. Кешегі Ұлы Отан соғысында тылда еңбек етіп, қара жұмыстың қара нарына айналған жандар. Әңгіме барасында Жақсылық әкеміз бастан кешкен қиын сәттерін айтып, көзіне жас алды. Егемен елдің еркін өскен ұрпақтарына ол күнді бермесін деп тіледі. Ал, Нағызқұл қария әр сөзін әзілмен өрбітіп,  күлкі адам өмірін ұзартатындығын тілге тиек етті. Сексеннің сеңгірінен асқан қариялардың денсаулығы еш сыр бермеген. Тылда еңбек етседе тың қалыптарында. Елеп – ескеріп келген кісілерге алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Қарсақбай Бірмағанбетұлы мен Ләззат Жақсылыққызы Чернобыль ардагері Жоламан (Алик) Күнтуаровтың шаңырағына барды. Мүгедектер арбасына танылған ардагердің көз жанарынан Чернобыль апатының жаңғырығын айтпай – ақ оқуға болады. Өткен күннің зардабын келер күннен еселеп ала алмайтынымызды ұққанымыз жөн шығар. Отағасының күтімін жасап отырған жұбайының айтуынша соңғы кездері адамдармен мүлдем сөйлеспейтін болған. Тек дәрінің күшімен ғана отырғанын айтты. Орталық ауруханадан бөлінетін тегін дәріде қолдарына тимеген. Тіпті, мейірімді медбикелерде ат ізін салмағалы біраз уақыт болыпты. Сондықтан бүгінде орта жастан асқан кісілер ертең қарттықтың дәмін тататындығы бесенеден белгілі. Барында бағалап, батасын алғаннан асқан бақыт бар ма?  Көш жүре түзеледі деп, керуеніміз кері кетіп қалмасын…

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.