Айғожин көшесінде монша бар…

Аудан тұрғындарының басты арманы орталық монша іске қосылса екен дейді

Кеңес үкіметі кезінде іргетасы қаланған моншаның соңғы екі- үш жыл көлемінде жұмысы тұралап қалды. Оны қайта іске қосып, халықтың игілігіне пайдалануға ешкімнің құлқы жоқ. Бәрі де оның ауыртпалығы мен шығының көтеруден қашады. Қазіргі таңда Нұрбол Айтбайұлының моншасы халыққа қызмет жасап келеді. Карантиндік шектеулерге бағынып, рұқсат берген уақытта ғана жағып отыр.

Тұрғындардың басым бөлігі жекеленген моншалардың ауасы тар, уақыты бір сағаттан аспайтын болғандықтан Нұрболдың моншасына көптеп барады. Кей кездері адамның көптігінен кезек күтіп тұратындар саны жетіп артылады.Бас пайдасын емес монша іздеп сабылып жүрген халықтың жағдайын назарға алған Айбек Қыпшақбаев үй ауласына заман талабына сай қоғамдық монша салды. Сыйымдылығы 8 адамға шақталған. Ішкі келбеті көз тартарлық. 1 қаңтардан бастап жұмысын бастады. Бағасы да тиімді. 14 жасар балалар үшін 300 теңге. Ал, ересектерге 500 теңгеден. Айбек Әбдібекұлының алдағы жоспары да көңілден шықты. Мәселен, моншаға келген адам тұтынатын қажетті заттармен қоса сусындар әкеп қол жетімді бағамен сатуды ойластырып қойған. Сенбі күні ер адамдар, жексенбі күні әйелдер қауымына арнап жағылады. Белең алған пандемияға қарсы күнделікті  санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Монша үлкен шатыр астында орналасқан.

Айбек Әбдібекұлы аудандық электр жүйесінде бас инженер болып жұмыс жасайды. Әр ісіне ұқыппен қарап, жауапкершілікті азаматтық парызым деп сезінеді. Жұбайы Анар Сақтапбергенқызы көп балалы ана. Отағасы екеуі 5 бала тәрбилеп өсірген бақытты ата – ана. Қыздарын тәрбиелеп, құтты ұясына қондырған. Ұлдың үлкені полиция бөлімінде қызмет етуде. Қыздың кенжесі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің озат оқушысы. Ұлдың кішісі Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында білім алады. Осындай үлгілі отбасынан кейінгі жас буын өкілдері тәлім алса болашаққа сеніммен қадам басары сөзсіз. Жаңадан салынған моншаның игілігін егесі мен ел көрсін деген ниеттеміз.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.