Аудан тұрғындары дабыл қақты
Биыл Жангелдин ауданының тұрғындары үшін қыс жайлы болды. Қар қалындығы тобықтан келгенімен ақпан айына дейін жауын шашын болып, елдің берекесі кетірді. Екі күн бойы ауа райы жылып, қар күрт еріді. Соның салдарынан Шеген, Ақшығанақ жолдарын екі жерден және Шұбалаң —Қарасу жолдарын жеті жерден су жырып, ел дүрлікті. Жергілікті билік өкілдері бар техникаларды жұмылдырып, таңнан кешке дейін күл, құм төгіп әлекке түсуде.
“Қар суы бой берер емес. Қазіргі уақытта жауапты мекеме қызметкерлері кезекпен күзетіп тұр. Аса қауіп төнетін болса, сақадай сай тұрмыз. Қосымша техникалар дайындап жатырмыз. Күнделікті бақылауда ұстайтын боламыз”, — дейді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірлан Досмағанбетов.
Әлеуметтік желілерге жариялап жатқан әуесқой түсірілімдерге қарасақ, су біраз жерге жайылған. Десекте, төтенше жағдайлар бөлімінің сөзіне сүйенсек, қауіп сейіліп, қарғын суға тосқауыл қойған сынайлы.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданына қарасты Қарғалы елді мекенінде өзен жағалауынан өлі балықтардың табылғаны жөнінде ақпарат тарады. (далее…)
Қар қалашықтары (далее…)
Көшенің сәні кірді (далее…)
Әуелеген ән кеші (далее…)
Бірлігі бекем, ынтымағы берік ауыл (далее…)
Еңбеккерлерге шексіз құрмет (далее…)
This website uses cookies.