Қайырлы істің өзіндік берекесі бар…

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Бұл адам бойындағы асыл  қасиет. Ауданымызда жыл сайын дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасы  биылда жалғасын тауып отыр. Сансыз сауапқа кенеліп, жанына жылулық ұялатқан “Алмас” шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Райсов жекелеген санаттағы аудан және ауыл тұрғындарын 100 қап ұнмен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. 20 қап ұн аудандық аурухана қызметкерлеріне берілді. “Алмас” шаруа қожалығының жетекшісі жеке кәсіпкер Қайрат Сайранұлы   1998 жылдардан  бері  егін  шаруашылығымен айналысып келеді. Сонымен  қатар, мал шаруашылығында  дөңгелетіп отыр. Ауданға  қолдан  келген  көмегін  көрсетіп азаматтық  жасап келеді. Мәселен,  Ы.Алтынсарин көшесіне  тас  төсеніштерін  төсеуге мұрындық болды. Ал, аудан тұрғындарымен жекеленген санаттағы  азаматтарға  ұн  әкеліп  беруді   көп  жылдардан  бері  қолға алған.

“Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің” дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлесіміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Елге көмек көрсеткен еңбегі еселеніп, шаруашылығы алға баса берсін.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.