Адамның қадірлісі – жомарт кісі

Тарихтан  өзіндік  ойып  тұрып орын  алған  қасиетті  Торғай  елі қашанда  перзенттерімен мақтанып, марқаятыны ешкімге  жасырын емес

Батырлар мен ақындар,  жазушылар мен компазиторларды  тудырған    қасиетті  орын тарихымен ерекше. Қазақстанның  түпір-түпкірінен келіп  қызығушылық танытатын  экскурсия  жасаушылар саны  жылдап артып келеді. Олар аудан орталығында мұражайларды аралап,  өткен тарихқа  шолу  жасап,  рухани  құндылықтарға қуаттанады. Жайдарлы жаздың шілде айында Ұзынкөл ауданына қарасты  Новопокровка  ауылының  тумасы, “Тойсай” жауапкершілігі шектеулі серкіктестігінің  директоры Ұзақбай  Ағайдаров келді. Киелі жердің тарихымен танысып, мұражайларға саяхаттады.

Шақшақ Жәнібек  мұражайына ат басын бұрып,  батырдың көне  жәдігерлерінің шығу тарихы мен  батыр бабамыздың ерліктері жайлы кеңінен мағлұмат алды. Артынша, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына назары түсіп, Торғай мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекееваға қаржылай демеушілік жасайтындығын айтып, ниет білдірген. Мұражай басшысы атымтай – жомарт азамтың электрондық поштасына хат жолдап, ойын ашық жеткізген. Қазан айнының ортасында Ұзақбай Садықұлы сөзінде тұрып, 1 млн теңгені мұражайдың есеп шотына аударған. Сол себепті Гүлбану Құлетқызы аудандық, облыстық баспасөз беттері арқылы қаржылай қолдау көрсетіп, мәрттігін танытқан Ұзақбай Ағайдаровқа Торғай жұртшылығы атынан шын жүректен алғыс білдіріп, шаруашылығына толағай табыс тілеуді жөн санады. Жасаған  игі ісіңіз Алладан қайтсын! Жақсының жақсылығын айт нұры  тассысын деген  сөз осыдан қалса керек.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

2 дня ago

This website uses cookies.