Тарихи жерлерге саяхат

“Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру”  бағдарламасының негізінде “Туған жер” кіші бағдарламысы аясында “Шежірелі өлке -Торғайым” атты жүрмелі саяхаты басталды.

Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде жобаны  “Жалын” жастар  қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Мұндағы мақсат,  аймақтағы  мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға  бағытталған. Сондай –ақ, жастардың және оқушылардың  бойына  патриоттық  сезімін  ұялату, киелі жерлермен тарихи орындарды таныстырып, кеңінен  насихаттау.

Аталмыш  жобаның  алғашқы экскурсиялық  бағыты  Тасты  елді мекеніне жақын орналасқан “Кейкі Батыр” (Нұрмағанбет Көкембайұлы) кесенесінен басталды.

Экскурсия бағдарламасында санитарлық  режимдер қатаң  сақталды.  Екі  күнге  жоспарланған  бағдарламаға  аудан мектептерінің  оқушылары мен  елдің белсенді  жастары, білім және  мәдениет саласының  қызметкерлері атсалысты. Іс-шараға қатысушылар Кейкі Мерген (Нұрмағанбет) Көкембайұлының өмірімен, жасаған  ерлігі  жайлы  кеңінен  білді. Сонымен қатар, батыр жайында тың деректер мен бұрын соңды естімеген жаңа мағұлматтарға қанық болды. Түсіндірме  жұмыстарын  ұйымдастырушылар алқасының  мүшелері, аудандық мұражайлар кешенінің ғылыми  қызметкері Меруерт Жақсылықпен, тарихшылар Жәнібек Ғазизов пен  Жасұлан Қами жүргізді. Айта кету керек, аталмыш кесене “Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы”  тізіміне енген. Киелі мекен географиясының құрылуы – адамның рухани баю мәселесі. Себебі, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Біздің аудандағы Қызбел ауылдық округі, Бидайық ауылында  орналасқан Міржақып Дулатовтың кесенесі  ұлттық  маңызы бар киелі жерлер  тізімінде. Ал, аймақтық  маңыз бар киелі жерлер қатарынан  ауданымыздағы жеті тарихи  орындар  және  Албарбөгет бөгеті  орын алды. Бұл біз  үшін  қуантарлық жаңалық. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді.

Экскурсияның келесі бағыты  Амангелді ауданында орналасқан Амангелді Иманов мұражайымен  ауданының көрікті жерлеріне саяхаттады.

“Амангелді  мұражай кешені”  қызметкерлері жылы  жүзбен  қарсы алды.  Тарихи мұражайды  аралатты. Амангелді атамыздың тарихымен етене таныстырып, мол мағұлмат берді.  Мұражайды  аралаушылар  өз  әсерлерімен  бөлісіп, рухани  азық болатын   ақпарат  бергені  үшін, “Амангелді мұражай кешенінің”  әдіскері  Дана Намазбайқызына  ризашылықтарын  жеткізді.  Аталмыш  саяхаттың екінші күні жайма шуақ ауа райымен басталды. Саяхаттаушылар көтеріңкі  көңіл  күймен жолға  шықты. Бейсен би әулие Байжанұлы бейітінен бастау алған сапар Баймырза әулие Теңізбайұлы мазарына табан  тіреді. Ұйымдастырушылар  алқасының  мүшелері, тарихшылар әулие  кісілер  жайлы кеңінен  ақпарат  берді. Құлақ  құрышын  қандыратын  мәлімет  алып, естелік  суретке  түсіп, ары  қарай  жолға  шықты.

Келесі  аялдама “Татыр шайқасы” өткен  тарихи орын болды. Ескерткіш  белгі  қойылған жерге  келіп, татыр шайқасындағы көзсіз ерліктер жайлы әңгіме өрбіді. Қатысушлар көкейлерінде жүрген  сұрақтарын  қойып, тұщымды жауаптар алды. Артынша Тәуіш ауылына келіп, ауылдың әсем жерлерін аралады. Жобаның қызықты әрі деректі болғанына дән риза. Қатысушылар Тәуіш ауылында жылы  жүзбен  қарсы алып,  дәм беріп,  қонақжайлығын көрсеткен Жәнібек Қуанышқалиұлы меноның отбасына ризашылықтарын айтты. Ұйымдастырушылардың жұмыстарына қанағаттанған экскурсияға қатысушылар өз алғыстарын айтып жол бойы  алған әсерлерімен  бөлісті. Аталған  жоба  мұнымен  тоқтап  қалмайды. Жоба жеткешілерінің келесі бағыты Ахмет Байтұрсынұлы ауылынан басталмақ.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданында мал шығыны анықталып, тиісті қаржат төленуде

Су тасқыны кезінде қырылған малдар есепке алынып жатыр (далее…)

9 часов ago

Жанкелдин ауданында су жырған жолдар қалыпқа келтірілуде

Тасқын судан зардап шеккен аудандардың бірі әрі күрделісі Жанкелдин ауданы болып саналады. (далее…)

3 дня ago

This website uses cookies.