Categories: Новости

Ақтаңгер ақын Айбек Қалиевке  арналған экспозиция ашылды

Онда ақынның кітаптары мен марапаттары қойылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рахмет саған, туған ел» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы әдеби мұражайында жерлесіміз, айтыскер ақын, ұстаз-ғалым, «Шабыт» сыйлығының иегері, «Мәдениет саласының үздігі», «Айтыстың ақтаңгері» Айбек  Қалиевке арналған экспозиция ашылды. Экспозицияда ақынның марапаттары, кітаптары, ғылыми еңбектері орын алды. Экспозицияның ашылу салтанатына ақынның өзі, туыс туғандары, достары, ауыл ақсақалдары, «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, Жастар ресурстық орталығының ұжымы қатысты.

Экспозиция лентасын кесу құрметі ақынның өзі және әулетінің үлкені Рақым Рыскелдин ағамызға берілді. Ашылу салтанатын «Торғай мұражайлар кешенінің» басшысы Гүлбану Құлетқызы жүргізді. Ашылу салтанатында сөз алған «Денсаулық жолы-1» қоғамдық бірлестігінің лекторы Хамзин Молдағали Хамитұлы. Экспозицияның ашылуында қазақтың салт-дәстүрі бойынша мұражай қызметкерлері және туған- туыс жеңгелері шашу шашты. Жұртшылықтың ықыласына бөленген ақынмен келушілер естелік суреттерге түсті. Экспозицияның ашылу салтанаты Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйіндегі «Рахмет саған туған ел» атты кездесу кешімен жалғасты.

Альбина ӘУБАКІРОВА,

Торғай мұражайлар кешенінің ғылыми қызметкері

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.