15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні

Биыл Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 32 жыл. Осы орайда Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өтті

Іс-шараның құрметті қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері Бөкейхан Әмірханұлы, Құнанбай Тойшанұлы және  Марат Заурбекұлы болды. Негізгі  мақсат жас буынға Ауған ардагерлерінің өжеттілігін үлгі етіп, опат болған жауынгерлердің рухына тағзым жасау. Кеш барысында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың көзбен көрген кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаһармандары туралы естеліктер айтты. Кездесу кеші көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында майдангер ағаларымыз  болашақ ұрпақ бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты ұялатар жалынды тілектерін білдірді. Жастарды өз Отанын сүюге, елінің патриоты болуға шақырды.

Ауған ардагерлері өмірінің өлшеулі бір бөлігін оқ пен от астында өткізіп, елге аман-есен сау оралып, қазіргі таңда қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасып жүр.

Аякөз ҚОЖАБЕКОВА

Қостанай өңірлік университеті

журналистика мамандығының

4 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.