Жастар саябағы ашылды

Ауылда мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда

“Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламасының негізінде, “Туған жер” кіші бағдарламасы аясында, Тәуіш ауылында  жастар саябағы  ашылды.

Ауыл  тумаларының  қолдауымен ашылған  саябаққа  4 млн 500 мың  теңге  қаржы  жұмсалған. Ауыл орталығына  сән  беріп  тұрған   жастар  саябағының  ішіне  тас төсеніштер төселіп, ағаш орындықтар мен  жарық беруші  фонарлар орнатылған. Сырты темір шарбақтармен қоршалып,  саябаққа 27 түп ағаш  отырғызылды.

Бұл  Жаркөлдік  азаматтардың  алғашқы  жұмысы  емес. Бұған  дейінде ауылдың  көркеюіне  өз  үлестерін  қосып келген. Атап айтар  болсам, азаматтардың  қолдауымен  мешіт салынды, ауылдың  атауын  айшықтап  жазды. Сонымен  қатар,  жақында  мектепке  заманауи  IT кабинет  ашылуына  мұрындық болды. Қаратүбек   орта мектебінің  түлектері 1млн 500 мың теңге қаражат  жұмсап,  сыныпты 10 компьютермен  жабдықтап берді. Қазіргі  таңда ауылға кең жолақты  интернет  желісі тартылуда. Ұстаздарда, ата-аналарда  дән  риза.  Қазір  цифрлы  технологиялар дамыған  заман. Балалар үшін  компьютермен  жұмыс жасап  үйреніп, сандық технологиялар бағытында білімдерін  арттыруға  үлкен  мүмкіндік болмақ. Ауыл  азаматтарынан  бөлек,  аудан  әкімінің қолдауымен жергілікті  бюджеттен  бөлінген  қаржыға мәдени  ошақтың  сырты мен  төбесі  қапталды. Сонымен  қатар,  клубтан  мектепке  дейінгі  жол  аралығына   тас  төсеніштері  төселді.

Аталмыш ауылдың  көркеюі  үшін  жасалып  жатқан  істер ауыз толтырып  айтарлық .“Туған жерге туыңды тік!” – деген дана халқымыз. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық  мақаласындағы  “Туған жер” кіші  бағдарламасының  мақсаты да осы. Отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтқан еді. Кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай отырып, оның  көркеюіне  өз  үлесін  қосып,  келешек  ұрпаққа жеткізу  керек.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.