Онда «Балалар әлемі» атты ойын алаңы ашылды
Біздің ауыл Торғай – Арқалық тас жолының бойында орналасқан. Аудан орталғынан 50 шақырым қашықтықта. Қазіргі таңда Тәуіш ауылы деп аталатын біздің елді – мекеннің тыныс – тіршілігі жыл санап артып келеді. Әлеуметтік – экономикасыда анағұрлым жақсы. Себебі, ауыл азаматтары туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ауылдың көркеюіне ат салысуды перзенттік борышымыз деп біледі. Соңғы үш жыл көлемінде ауыл орталығынан бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауыл ажарын нұрландырды. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Елдің бірлігін, оның мызғымас тұтастығын сақтау үшін алдымен ұйымшылдық керек екен. Еліміздің сырта жүрген азаматтары қолдау көрсетсе, елде жүрген азаматтар олардың жүйелі ойларын жүзеге асырып, ауылды гүлдендіруде. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» деген дана халқымыз. Ауылымызға әкімі болып Әмір Қонысбаев келгелі көптеген өзгерістер жаңашылдықтар пайда болды. Ауыл тұрғындары қолдап, бес саусақтай бірігіп жұмыс жасап жатыр. Осы кісінің мұрындық болуымен атқарылған ауқымды істер де ауыз толтырып айтарлықтай. Бізде дән ризамыз. Бүгінгі күні жер – жерлерде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тыңғылықты істер атқарылып жатыр. Біздің елдің де азаматтары өзіндік үлестерін қосып, қолдарынан келгенше елге қызмет жасауда.
Өткен аптада «Балалар әлемі» атты ойын алаңы ашылды. Оған «МСУ» бағдарламасы бойынша ауылдық бюджеттің есебінен 1 млн 260 мың теңге қаржы бөлінді. Мердігер атанған Ерік Қонақбайұлы ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, аталған нысанды сапалы етіп жасады. Нұрлыбек Ізбасаров пен Әділбек Ерланов қол көмектерін тигізіп, еңбек сіңірді. Сонымен қатар, дәл осы күні «Шағын футбол» алаңыныңда ашылу салтанаты болды. Аудан әкімі Шота Оспанов қолдау көрсетіп, бұл нысанға аудандық бюджеттен 3 млн 610 000 теңге, сондай – ақ, 500 метр жерді темір шардақтармен қоршауға және ұзындығы 245 метр жерге жаяу жүргіншілер жолын жасап, кеспе тастар төсеу үшін 3 млн 90 000 теңге қаржы бөлген еді. Құрылыс жұмыстары уақытында бітіп, пайдалануға берілді. “Балалар әлемі” және «Шағын футбол» алаңының ашылу салтанатына келген аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Бағдаұлы құттықтау сөз сөйлеп, елмен бірге қуанышты бөлісті. Қос нысанның лентасы қиылып, ақ жаулықты аналар дәстүріміз бойынша шашу шашты. Игілікті іс – шараның жалғасы ретінде мектептің спорт залында қазақша күрестен спорт шебері Қонысқара Нұрғалиевті еске алуға арналған қазақша күрестен турнир өтті. Боз кілемде белдесіп, бағы жанған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді.
Динара ХАМЗИНА,
Қаратүбек орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Ел мерейі үстем болды (далее…)
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
This website uses cookies.