Республикалық байқаудың жүлдегері
Қостанай қаласында «Re_sol_star» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Бабалар аманаты» атты VIII республикалық байқауы өтті. Жас өнерпаздардың өнерін бағалайтын байқауға қазақстанның әр өңірінен өнерпаздар қатысып өз ара сынға түсті.
Аталмыш байқауда жерлесіміз Айназ Қарағұл жүлделі бірінші орынға ие болды. Құраманғазының «Төремұрат » күйін асқан шеберлікпен орындап, қазылардың жоғарғы ұпайына иемденді. Жетекшісі Перизат Қалабайқызы.
Айназ Кемеңгерқызы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9сынып оқушысы. Өнерімен білімін қатар алып жүретін Айназ ауданның мақтанышы. 14 жасар дарынды қыздың бір бойында бірнеше қабілеті бар. Жетіген мен домбыраны қатар алып жүріп талай додаларда топ жарып келеді. Сондай – ақ, «Ғасырлар пернесі» ансамьблінің мүшесі. Бұл жеңіс Айназдың тыңғылықты дайындығының жемісі. Болашағынан зор үміт күттіретін дарын иесінің жеңістері әлі алды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: Перизат Қалабайқызы
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.