Жанкелдин ауданының жас ақыны республикалық оқушылар айтысында бағын сынады

Абыройлы айтыс жасап, ел мәртебесін көтерді

Алматы қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Біздің ауданымыздың намысын қорғаған айтыскер жас ақын Таңжарық Ниязбек жоғары деңгейде айтыс жасап, ел мерейін көтерді. Бұл республикалық айтысқа 20 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Тақырыптық айтыстың шырайын келтірген жас ақындар көрермендердің көзайымына айналды.
«Жақсы айтыс болды. Әрбір облыстан келген жас ақындар Жамбыл атамыздың жырға қосып, шамалары жеткенше шырқады. Арасында әзіл қалжынды айтыстар да болды. Болашақтарынан зор үміт күттіретін жас ақындар қатары өте көп екен. Біздің ауданнан барған жас ақын Таңжарық Ниязбек жақсы айтыс жасады. Бірақ қазылар алқасының тарапынан дұрыс бағаланбады. Таңжарықтың төменгі деңгейде айтысқан оқушылар жоғары балл алды. Әділдіктің болмағандығына қынжылдық. Болашағың алда ғой деп жас ақынымызды жұбаттық. Енді Алла қаласа «Ақберен» байқауы аясында тағы да республикалық айтысқа келеді. Өткен жолы облыс орталығында өткен айтыста бірінші орынды жеңіп алып, республикалық айтысқа жолдама алған еді. Тағы бір мәрте бағы мен бабын сынға салатын болады», – дейді жетекшісі Дастан Карбозов.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген:автор

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

1 день ago

This website uses cookies.