Әлемдік деңгейге танылған суретші
Бақытжан Серікбайұлы киелі Торғайдың тумасы.1962 жылы қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы (бұрынғы Южный) ауылында дүниеге келген. Қарағанды қаласында орта білімін аяқтап, сол жылдары 1977 жылы Алматыдағы көркем сурет училишісіне оқуға түскен. 1981-1983 әскер қатарында болған. Мәскеудегі Суриков атындағы көркем- сурет инстиьутына жолдамамен білім алуға барады. Десекте, отбасылық жағдайымен әкесі өмірден өткен соң оқуын жалғастырмай, 1983 жылы Торғайға қайта оралады. Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде сахна безендіруші болып жұмысқа орналасады. Театрда актер, «Жігер» вокалды инструменталды ансамбілінде әр түрлі аспапта ойнаған. Сол жылдары Ғасырлар пернесы ансамблі жаңа топ музыканттарды таңдап, құрамын толықтырған болатын. Сол қатарда саз сырнай, үскірік, тастауық, сыбызғыда, бас домбырада Бақытжан Серікбайұлы 7 жылдан аса қызмет жасап, халықтың ыстық ықыласына ие болды. Түрлі гостролдік сапарларға шығып, театрда өнер көрстіп ғасырлар пернесінің тарихында өзіндік орны бар әртіс ретінде мәңгі өшпес аты қалды. 1991 жылы отбасымен Алматы қаласына қоныс ауыстырған. Қазіргі таңда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, тек елімізге ғана емес әлемге танымал суретші. Туындылары шет елдердің көрмесінің төрінен орын алып, қазақ елінің атын әлемге танытып жүр. Астана, Қарағанды, Қостанайда Қарабалық, Қызылорда, Талдықорған, Алматы мешіттерін, Астана, Алматы, өзіміздің Торғайдағы мұражайларды әсерлеп безендіріп өз қолтаңбасын қалдырды.Суретшінің әр туындысының өзіндік мағынасы, тарихы бар.Кешегі ғасырлар пернесіне сыйға тартқан туындының да өзіндік маңызы бар.
«Кешегі өткен 50 жылдық мерей тойда, “Ғасырлар пернесі” картинамды арнайы салып әкелдім. Аталмыш картинамның негізгі мазмұны өте тереңде.Бұл картинада ағаштың тамырынан басталады, ер адамның қобызда ойнап, қыздың дабылда соғып ойнағаны баяғы заманнан қобыздың унімен, дауылпаз дубірімен талай дүниені аспаппен жеткізуге болатынын суреттедім. Яғни театр,өнер арқылы көптеген дүниені сахналауға болатынын жеткізгім келді»-дейді өнер иесі.
Кәзіргі таңда Бақытжан Досымнның ізін жалғап келе жатқан перзенттері суретші, дизайнер болып жұмыс жасайды. Өмірлік ұстанымын «бақытты болу, жақындарымды бақытты ету» деп санайтын өнер иесінің отбасыда жан-жақты. Жұбайы көп жылдардан бері ұстаздық қызмет атқарады. Әкелерінің ізін жалғар үш қызы бар. Екеуі өмірден өз орындарын алып, қанат қаққан. Бүгінде екі қыздан 5жиен немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Ал, кенжесі Лосанжелеста айти саласында жұмыс жасайды.
Киелі Торғай топырағынан түлек ұшқан қаншама дарынды, талантты жандар өте көп. Нағыз тума таланттар шыққан киелі мекеннің әр перзентімен мақтануға болады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Көптен бері бұндай концерт болған жоқ (далее…)
Өнерге әркімнің бар таласы (далее…)
Жас өнерпаздардың мерейі үстем болды (далее…)
Лайықты марапат иелері (далее…)
Ел игілігі үшін тиімді (далее…)
Елеулі еңбек еленген күн (далее…)
This website uses cookies.