Жасөспірімдердің бағы жанды
Республикадан жүлдемен оралды Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық республикалық рейтінгілік турнир өткен болатын.
Аталмыш жарысқа аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары, Қостанай облысының құрамасының үздік ойыншылары Жайна Алпысқызы мен Наргиз Бақыт қатысты. Қазақстанның әр өңірінен 13-21 жас ерекшелігі бойынша 300ге тарта оқушы өзара бақ сынап, сынға түсті. Нәтижесінде Жайна мен Наргиз жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы Қайрат Айтмағанбетов.
« Қазақстанның түпкір- түпкірінен 13жас ерекшелігі бойынша 85 оқушы қатысты. Бір апатаға созылған жарыста оқушыларым 10 ойыншымен бақ сынасты. Нәтижесінде 8 жеңіспен, 2 ойыннан жеңіліс тапты. Нәтиже жаман емес, көптің ішінен топ жарып, үшінші орын иеленуде үлкен жеңіс. Ең мықты ойыншылар кездескен турнир жоғары деңгейде өтті»,-дейді Қайрат Әбдібекұлы.
Ауданда тоғызқұмалақ ойынына қызығушы оқушылардың саны жыл санап артып келеді. Бүгінде екі топта 64 оқушы тәрбиеленуде.Үш оқушы Қазақстан командасының құрамында үздік ойыншылар қатарында болса, бес оқушы спорт шеберіне үміткер. Сонымен қатар, шәкірттер арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық турнирдің жеңімпаздары да бар. Елге жеңіспен оралған тоғызқұмалақшылар Қазақстанның құрама сапында ойнайды. Ел мақтаныштары. Аталмыш жеңіс, осы уақытқа дейін халықаралық, Қазақстан чемпионаттарында қоржынды жүлдемен толтырып жүрген жерлестеріміздің кезекті жеңісі.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Өнер адамдарының өрісі кек (далее…)
Ауданның абыройы асқақтады (далее…)
Жақсылық жаса адамға (далее…)
Көтеріңкі көңіл күйдің кейіпкерлері Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген…
This website uses cookies.