Өлшеусіз еңбек елеусіз қалмайды
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 40 жыл физика пәнінен сабақ беріп, сапалы білім арқылы саналы шәкірт тәрбиелеген аяулы ұстаз жоғары дәрежелі марапат иесін атанды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев, ардагер ұстаз Күлмаш Зарыпбаеваға «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстады.
Күлмаш Ғалымжанқызы Зарыпбаева 1959 жылы Жанкелдин ауданы, Шұбалаң ауылында дүниеге келген . Арқалық Педагогика Институтын 1982 жылы тәмамдап , алғашқы еңбекжолын қазіргі А.Байтұрсынұлы (бұрыңғы Қарасу) ауылынан бастаған. Ұлағатты ұстаздардың тәлімін алған Күлмаш Ғалымжанқызы тәжірибелі маман болып, кейінгі жас ұстаздарға өнеге үлгі бола білді. Соның нәтижесінде, аудан әкімінің алғыс хаты, облыстық және аудандық
білім саласының марапаттарын иеленді.
“Ұстаздық жол ұлы жол. Саналы ғұмырымды білім саласына арнадым. Зейнеткерлік жасқа шыққанша шәкірт тәрбиелеп, олардың биікке қанат қағуларына септігім тиді. Енді міне елеулі еңбегім еленіп, жоғары дәрежелі марапатқа ие болдым. Еңбегімді елеп ескерген министрлікке, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің ұжымына айтар алғысым шексіз. Бұл менің ғана емес аудан өңіріндегі білім саласының жетістігі”- дейді ардагер ұстаз.
Мақаланың толық нұсқасын”Біздің Торғай” газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.