Жуырда аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова, кірістер басқармасының басшысы Жангелді Қалабаев жұмыс бабымен арнайы Астана қаласына барды.
Барудағы негізгі себеп, әріптестік қарым – қатынас орнату. Яғни Торғай жерінен шыққан азаматтардың басым бөлігі сырт елдерде жүріп, кәсіп ашып, бизнес саласына бет бұруда. Қазіргі таңда жергілікті билік сырттан инвестиция тарту, салық түсімдерін көбейту мәселесіне назар аударуда. Нақты айтқанда, салық салынатын базаны ұлғайту және жергілікті бюджетті толықтыру. Осы орайда Астана қаласында бизнеспен айналысып жүрген жерлестерімізбен кездесіп, кеңінен әңгіме өрбітті. Дөңгелек басында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, талқыланды.
«Біздің Астанаға келуіміздің басты себебі, тайға таңба басқандай тарих бетіне алтын әріппен жазылған Торғай жерінің келешегі алаңдатады. Бұл киелі жеріміздің, абыройлы ауданымыздың болашағы бұлыңғыр деген сөз емес. Соңғы жылдары үкіметтің назары ауып, ауданымызда бірқатар инфрақұрылым жобалары жүзеге асты. 40 жылдан бері жөндеу көрмеген Арқалық – Торғай және аудан орталығындағы көшелерге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Оның сыртында жергілікті бюджеттен үнемделген қаржыны игілікті іске жаратып, ауыл, ауылдық округтерге спорттық оын алаңдарын салуда. Аудан экономикасын көтеру үшін бірқатар жобалар жүзеге асу керек болып тұр. Инвестиция тарту үшін қолдау керек. Салық түсімдерін молайту үшін сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет. Сондықтан ұсынысымызды қабыл алып, туған жерге деген патриоттық сезімдеріңізді білдіреді деген ойдамын», – деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова.
Кәсіпкерлік саласында жүрген жерлестеріміз нақты шешімдерін айта қойған жоқ. Мүмкін ойланып, толғанып бір шешімге келер.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Еркебұлан Жаулыбаев
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.