Енді келер қауіп жоқ
Аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ерболат Зарыпбаев әлеуметтік желі арқылы өңдеу жұмыстары жайлы баяндады.
Күні бүгінге дейін 130,9 мың гектар жер толықтай зерттелген. Шегірткелер тобы шоғырланған аумақтарды анықтап, тиісті өңдеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, Шилі мен Милісай ауылының қарасты жерлерлегі зиянкестерді толықтай жойған.
“Зерттеу жұмыстарына 69 маман тартылып, фитосанитарлық жағдай толық бақылауға алынды. Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін 87,7 мың гектар жер анықталды. Соның ішінде 78,7 мың гектары өңделді. Басқа да аумақтардағы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталады», – деді Ерболат Зарыпбаев.
Өңдеу жұмыстарына барлығы 15 техника бірлігі жұмылдырылған. Техниканың барлығы толық қуатта жұмыс істеп тұр. Әсіресе, дрондар мен дельтапландар шалғай жерлерге жетіп, өңдеудің сапасын арттырған. Мамандар күн сайын қырман басында. Басты мақсат – егістікті зиянкестерден қорғап, өнімділікті төмендетпеу.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…
This website uses cookies.