Жанкелдин ауданында жас маман біліктілігі үшін марапатталды

Елеулі еңбек ескерілді

Қостанай қаласында қосымша білім беру ұйымдары арасындағы тамыз конференциясының отырсында Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің хореография бөлімінің ұстазы Сымбат Ерікова облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраеваның алғыс хатымен марапатталды. Марапат білікті жас маманның адал еңбегі мен , жоғарғы кәсіпқойлығы, қосымша білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесімен балалардың жан –жақты дамуына жасаған жұмысы үшін берілді.

Сымбат Таңатқанқызының аудандағы хореография саласының жоғары деңгейде көрінуіне жасап жатқан жұмысын ауыз толтырып айтуға әбден болады. Бүгінде дайындаған шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жүлдегер атанып жүр. «Ерке Наз»би ансамблінің «Үлгілі» би ансамбль атағын алуыда тікелей Сымбаттың нәтижелі еңбегінің жемісі. Сонымен қатар бірнеше жыл қатарынан облыстық «Армандастар» байқауының гран при иегерлері атанып келеді.

«Би үйірмесіне деген оқушылардың қызығушылығы жыл санап артып келеді. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінде 82 оқушы, оның 13 биыл мектепті сәтті аяқтады. Қазіргі таңда 13 оқушы орнына балалар қабылдау жүріп жатыр. Оқушылар 5 сынып тәмамдап қолдарына арнайы куәліктерін алады. «Dan-As» шығармашылық орталығында да оқушылардың ынтасы жоғары. Дегенмен ол жақта биылға орын толық, десекте ата-аналар алдын ала тіркеліп кезегін күтіп отырады,»-дейді жас маман.

Бір топта 15 оқушы бар. Әр баламен жұмыс жасау, әр қимылды біркелкі етіп көрсету, оны сахнаға шығару бұның артында үлкен жауаптылық пен төзім жатыр. Дегенмен қызығымен қиындығы қатар жүретін маман иесінің жұмысы өз оң нәтижесін беріп келеді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

4 дня ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

5 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

6 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

6 дней ago

This website uses cookies.