Тасқын судың қарқыны қатты келді
Қанша су келсе де Қарғалы елді мекенін су басып көрмеген екен. Бұл жөнінде сол жерде отырған шаруа қожалықтары айтты. Ал, Түйемойнақ ауылы құмның арасында болса да өзенге жақын орналасқан. Өткен жылы осы ауылға қарғын су қауіп төндіріп, елдің есін шығарған еді. Ал, енді биыл екі елді мекендегі үйлерді тасқын басып, тұрғындардың көшуіне әкеліп соқты. Бұғын дейін жергілікті билік өкілдері қауіпсіз жерлерге қоныстану жөнінде хабарлаған болатын. Бұл сөзге кейбір шаруа қожалықтары аса мән бермесе керек. Су іргеге жақындағанда «Аудан орталығынан қосымша көмек сұрап» дабыл қақты. Шаруа қожалық басшылары қолдарын кеш сермегенідіктен тасқын суға тойтарыс беру мүмкін болмаған.
«Су қарқыны қатты келді. Нансаңыздар біз Қарғалы елді мекенін су басады деп ойламаған едік. Бірақ, ол ойымыз бұрыс болып шықты. Түйемойнақ ауылындағы тұрғындарды уақытылы қауіпсіз жерге көшіргендіктен адам шығыны болған жоқ. Әрине, өкінішіті үйлердің барлығы суға кетті. Мал шығынына келер болсақ, ветернинария бөлімінің қызметкерлері анықтайтын болады. Олар қазіргі таңда Көкалат, Арабай, Көлқамыс, Тәуіш, Тентексай ауылдарынан мәлімет жинап жатыр. Мал шығынына байланысты. Кеше Президеніміз «Тасқын судан зардап шеккен барлық тұрғындар көмексіз қалмайды» деп үндеу жариялады. Соған орай аудан көлеміндегі шығындар есептеліп, қаржылай және материалдық көмек көрсетіледі», – дейді жауапты мамандар.
Шыққан шығының орны толғанмен шаңырағы ортасына түскен үйлер көз алдымыздан кете қоярма екен.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.