Жанкелдин ауданындағы ағаш көпірдің құрылыс жұмыстары басталды

Ел тілегі орындалып жатыр

Осы ағаш көпірдің жыры тауысылар күн бар ма деп жүргенде, сәті түсіп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Азаматтық борышым деп талпынған жерлес ініміз сөзінде тұрып, ағаш көпірге жөндеу жұмыстарын істеп жатыр. Айбат Әбдір перзенттік борышымның бір бөлшегі орындалғандай болсын деп ағаш көпірдің құрылыс жұмыстарын өз мойныма аламын деп ел алдында уәде берген еді. Енді міне айтқан сөз атылған оқпен теңдеп уәдесінде тұрды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

“Мен осы ағаш көпірдің құрылыс жұмыстарын өзім жүргізем деп айтқан болатынмын. Былтыр жұмыс бабымен келе алмадым. Елдің реніші болғаны да рас.”Қолынан келмесе неге уәде берген” деп біраз сыбаған екен. Биыл сәті түсіп, еңбек демалысымды пайдаланып, осы жұмыстарды аяқтап кетейін деп келдім. Ағаш көпірдің шет жақтарына блок тастарды қойып, ортасына асфальт жабындысы сынды сұйықтып құямыз. Түсінікті тілмен айтқанда тас жол болады. Бүгін істеп кетіп, ертең қайта құлап жатпас үшін құрылыс жұмыстарының сапасына мән беремін. Бұл жұмыстарды істеп жатқан тәжірибелі құрылысшылар. Яғни өзбек ағайындарды арнайы әкелдім. Олар жауапты іске жүрдім-бардым қарамайды. Сондықтан сапасы жақсы болады деген сенімдемін”,-дейді Айбат Бауыржанұлы.

Бұл азамат Арқалық қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары. Іскер азамат. Аудан көлемінде өтетін көкпар ойынының демеушісі. Қазір Торғай қақпасының авторы. Құрылыс саласынан да хабары бар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.