Жанкелдин ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асып жатыр

Тазалық басты назарда

«Таза Қазақстан» акциясы – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығына мән беруге бағытталған.

Жуырда мекеме, кәсіпорын қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік шықты. Олар көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазалап, ағаштар мен гүлзарлар ретке келтірді. Барлық мекемелер белсене ат салысып, тазалыққа мән берді.

«Мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығына үлес қосуға және қоршаған ортаны аялауға шақырады. Мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге арналған. Ауыл тұрғындары мен жастардың белсенділігі — болашақ үшін үлкен қадам. Әрбір тұрғын аулаларын таза ұстап, үнемі назар салып отырса, ауданымыздың ажары нұрланады»,- дейді сенбілікке шыққан қызметкерлер.

Сонымен қатар, өзен жағалауларын тазалады. Өзен жағасында көптеген қоқыстар шығарылды. Жиылған қоқыс, шыны, пластикалық ыдыстарды арнайы орынға апарып төкті. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық сана-сезімді арттыру мақсатында өткен сенбілік барысында түрлі қоқыстар жинап, табиғатты таза ұстаудың маңыздылығына назар аударылды. Сенбілікке қарапайым тұрғындарда атсалысса жақсы болар еді.

Байбатыр АХМЕТБЕК,
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.