Өлшеусіз еңбек еш кетпейді
Биыл Торғай өңіріндегі су тасқыны тауысылмас аңызға айналды. Қаншама адам табиғи апаттан зардап шекті. Сын сағатта торғайлықтар тасқын суға қарсы тұрып, бірліктерін танытты. Көпшіліктің арасында жүріп, көзсіз ерліктері еленбей қалған адамдар да болды. Тынымсыз тіршілікте әрбір адам бір – біріне қамқор болғаны абзал. Торғай халқының шарасыз күйде су ортасында қалғанын көріп, сырт елде жүрген жерлестеріміз, олардың таныстары, қолдарынан келгенше көмектесті. Лек – легімен толассыз гуманитарлық көмектер келіп жатты. Аудан өңіріндегі ауыл, ауылдық округтерде нағыз патриот азаматтар көзге түсті. Олардың еңбектері еш кеткен жоқ. Мәселен, жүргізуші болып қызмет жасап келе жатқан Аңсаған Әбішев, дәл сол су тасқыны кезінде өзінің жекеменшік камаз автокөлігімен жәрдемдесті. Алпыс жастан асқан жүргізуші күн түн демей елмен бірге қиындыққа қарсы тұрып, азаматтығын танытты. Нәтижесінде, өлшеусіз еңбегі еленді. Кешегі су тасқыны уақытында өз техникасымен халыққа қол ұшын созып, көмек берді. Сайып келгенде, қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 14 маусымдағы Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен нагарадталды. Аудан әкімі Шота Оспанов Астана күні мерекесі қарсаңында халық алдында салтанатты түрде табыстады. Аңсаған Құбашұлын жоғары мәртебелі марапатымен құттықтап, сын сағатта өз техникасын жұмылдырып, күні-түні аянбай елге қызмет еткені үшін алғысын білдірді. Денінесаулық, отбасына амандық тіледі.
«Мен елім үшін туған жерім үшін еңбегімді сатпаймын. Көмек қолын созсам, ол менің туған жерге деген перзеннттік борышым. Табиғи апат кезінде қиындықты халықпен бірге көру ол ерлік. Сондықтан мен қашанда елім үшін жәрдемдесуге дайынмын. Десекте, азғантай еңбегімді елеп, жоғары дәрежелі марапатқа ұсынған аудан әкімдігіне айтар алғысым шексіз», – дейді «Шапағат» медалінің иегері.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.