Жанкелдин ауданында орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды

Көше қарлары уақытылы тазартылып жатыр


Биыл қыс мезгілі жайлы. Екі күннің бірінде ауа температурасы төмендеп тұр. Ақ түтек боран әзірге бәлендей қатты емес. Өткен жетіде бір күн ұйытқып боран соғып, Торғай ауылы ішіндегі көшелерді қар басып, техникалардың жүруіне кедергі жасады. Толассыз жауған қар желдің күшімен боранға ұласты. Торғай ауылы ішіндегі жолды тазалу үшін конкурс жарияланып, жергілікті жеке кәсіпкер Нұржан Ғаниматов мердігер атанды. Қысқы қарды тазалау жұмыстарына аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлінген.

«Жыл сайынғы үрдіс бойынша ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау мәселесін қолға алдық. Жақында мердігер анықталды. Күні кеше көшелерді қардан тазалады. 40 көшені бір күннің ішінде тазалап тастау мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар түсіністікпен қараған жөн. Жалғыз техникамен көшелерді тазалап үлгірмей жатады. Жеке кәсіпкер Нұржан Төлендіұлы боран басылған соң түстен кейін көшелерді тазалауға кірісті. Түнгі сағат 02:00 ге дейін жұмыс істеді. Ақ түтек боран басылғаннан кейін міндетті түрде тазалау жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Оның сыртында жаяу жүргіншілер жолы бар. Оны техникамен тазалай алмаймыз. Барлық көшедегі жаяу жүргіншілер жолын жұмыссыздықтың адамдары қолдарына күрек алып тазалап жүр. Сондай – ақ, орталықтағы саябақтарды қардан тазалау осы адамдардың құзырында. Қарапайым халық ниет білдіріп, өз еріктерімен «Асар» жасап, қар тазалау жұмыстарына бір сәтке шықса, еш артықшылығы болмас еді. Орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстарын назарда ұстайтын боламыз», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұлұлы.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы: Ауыл мектебіне жасанды интеллект не береді?

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінде жасанды интеллектіні қолдану үрдісі бірте-бірте еніп келеді. (далее…)

1 день ago

Торғай даласында кертағылар екінші рет төлдеді

Торғай даласында қайта жерсіндірілген кертағылардың саны артып келеді. Бұған дейін Қазақстанға әкелінген түз жылқыларының арасынан…

2 дня ago

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

5 дней ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

6 дней ago

Жангелдинде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты (далее…)

1 неделя ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

1 неделя ago

This website uses cookies.