Ауыл тумаларының қолдауы
Былтыр су тасықыны кезінде Ақкөл ауылының тумалары бас бірліктерін танытып, жұдырықтай жұмылды. Ауыл халқының жағдайларына алаңдаған ел тумалары арнайы қор ашып қаржы жинады. Сырта жүрген туған жер перзенттері елдің ертеңіне немқұрайлы қараған жоқ. Бірліктің арқасында табиғи апатқа қарсы тұрып, тойтарыс берді. Қорда қалған қаржыны жерге шашпай, мақсатты жұмсауға бел буды. Олар өзара кеңесіп, ауыл орталығынан «Балалар» ойын алаңын салуды жөн көрді. Ауыл азаматтары Ахат Мұстафин, Марат Мұстафин, Төлеуғали Бөрібаев, Жүсіпбек Бөрібаев және сыртта жүрген әр жылғы ауыл жастарынің демеушілігімен 1 млн 300 мың теңге ге ойын алаңының элементтері алынды. Сырты темір шарбақтармен қоршалды. Көшет ағаштары отырғызылды.
«Көптен бері ойда жүрген шаруа еді. Ауыл тумаларының қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде сыртта жүрген ел перзенттері демеушілік жасап, елге назар аударып келеді. Ауылдың гүлденуіне атсалысып жүр. Алдағы уақытта тағы да ауқымды жоспарлар бар. Оған да мұрындық боламыз деп отырған ел туамларының қатары көбейіп келеді. Ауыл орталығынан әдемі көрнекі «Балалар» ойын алаңын салып берген ел перзенттеріне ауыл тұрғындарының атынан алғысымды бідіремін», – дейді ауыл әкімі Балғабаев Қалиев.
«Елім деген ер болмаса, ерім деген ел болмайды» деген даналы сөзді ұғынанған ақкөлдіктер осылайша игілікті істің жаршысы болды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.