Тұлғаның шығармалары насихатталды
Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында М.Дулатовтың 140 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Міржақып оқулары» байқауы өтті. Аудандық білім бөру бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен өткен байқауға қызығушылық танытып қатысқан оқушылардың қарасы көп болды. Байқаудың басты мақсаты – Алаш зиялысы, ақын, жазушы М.Дулатұлының шығармаларын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Байқауға аудан бойынша 121 оқушы бес бағыт бойынша қатысып бақ сынады.
«Міржақыптың асыл мұрасы», «М.Дулатұлы мұрасы – жастарға аманат», «М.Дулатұлы шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» «М.Дулатұлы шығармаларынан сахналық қойылым қою», «М.Дулатұлы – қазақ руханиятының шамшырағы» бағыттары бойынша дайындықпен келген оқушылар, өз номинациялары бойынша сынға түсті. Байқауға қатынасушы оқушылар үлкен дайындықпен келген. Бірі ақынның өлең жолдарын жатқа айтса, енді бірі ақынға арнап өз шығармашылықтарын оқыды. Тақырып шеңберінде сурет салу бағытында талантты оқушылардың туындыларын тамашаладық. М.Дулатұлының шығармалар желісінен қойылым қойған оқушылар өз тақырыптарын актерлік шеберліктерімен әрлей түсті. Эссе бағытында әдемі сөздермен көркемдеп жазылған эсселердің жеңімпазын саралап сынға салу оңайға түспеді. Дегенмен, арнайы белгіленген қазылар алқасы байқауға әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар білім бөлімінің сертификаттары және дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, 2016 жылғы мектеп түлектер, 1998 жылғы азаматтар қатынасушы оқушылардың барлығына жерлес ақын Абылай Маудановтың үш тілде жазылған «Дайдидау» кітабын табыс етіп, жүлделі орын алған оқушыларға ақшалай демеушілік жасады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Ауылдық ағайындардың қуанышы (далее…)
Басты міндет жүзеге асыру (далее…)
Ауқымды жұмыс атқарылған (далее…)
Көрермендерге жол тартты (далее…)
Ел перзенттері бас көтерді (далее…)
This website uses cookies.