Жанкелдин ауданында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ұлықталды

Ырысты жыл болсын

Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары Наурыз мейрамын ұлықтап, ұлттық киім киіп, алаңның сәні келтірді. Ақбоз киіз үйлердің жанында наурызкөже мен ыстық тамақ таратылды.

Ұлттық тағамнан дәм татқан аудан халқы ризашылықтар білдірді. Мерекенің бастауы дала сахнасында басталды. Наурыз туралы әуезді ән шырқалды. Мың бұралған бишілер көрермендердің ықыласына бөленді.

Күмбірлеген күй құлақ құрышын қандырды. Аудандық мәдениет үйінің театр әртістері сахналық қойылым мен салт дәстүр жайында көрініс көрсетті.

Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аудан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

“Биыл қуанышқа толы жыл болды. Мемлекет басшысы құрылтайда батыс каспи дәлізіне баратын жолдың құрылысы басталатынын жеткізді. Астанадан басталған күре жол Торғай жерін басып өтіп, Ырғыз бен Ақтөбеге жалғасады. Келешекте ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына тың серпін берері сөзсіз. Бүгін Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын”, —деді аудан әкімі.

Мерекелік құттықтаудан кейін Наурыз думан жалғасын тапты. Спорттық жарыстарда бақ сынағандар жүлдегер атанды. Тұрғындарға шелпек нан үлестірілді. Киіз үйлерде қонақасы берілді.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.