Жанкелдин ауданында көшелерге жаяу жүргіншілер жолы төселуде

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Биыл аудан көлемінде көптеген құрылыс жұмыстары жүзеге асады. Мәселен, аудан орталығындағы 14 көшеге асфальт жабындысы төселеді. Құны 386 млн 489 теңге болатын құрылыс жұмысын Арқалық қаласындағы «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып, мердігер атанды. Алдағы күндері жұмысқа жұмыла кірісетін болады.

Былтырғы жылы асфальт жабындысы төселеді деген көшелер мердігердің салғырттығынан жүзеге аспай қалды.

«Торғай ауылы бойынша жоспарланған жұмыстар легі көп. Қаржы мәселесі шешіліп тұр. Өткен жылы жасалмаған құрылыс жұмыстарын биыл қайтадан жалғастырамыз. Айтар болсам, Құлжановтар, Мәуленов, Қасымхан Алтынсары, Тоқтабаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары басталып кетті. Яғни, жалпы ұзынды 2200 метр жерге облыстық бюджеттен 45 млн 170 мың теңге қаржы бөлінді. Мердігер «Жанас – А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті жердің адамдарын жұмыспен қамтып, іске кірісіп кетті. Бастысы құрылыс жұмыстарының сапасына мән беретін боламыз. Оның сыртында абаттандыру жұмыстарын қолға аламыз. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа тартып, солар арқылы аудан орталығындағы саябақтарды қалыпқа келтіреміз. Жұмыспен қамтылған жастар көшет ағаштарын күтіп, баптап, тазалық жұмыстарына зейін қояды. Біз үшін маңыздысы Торғай ауылының көркеюі», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Аудан орталығындағы көше асфальттары осыдан 45 жыл бұрын салынған. Соңғы екі жыл көлемінде бірқатар көшелер қайтадан асфальтталды. Енді 14 көшеге асфальт жабындысы төселетін болса, толығымен жаңарады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.