Тасқын судың қарқыны баяуӨткен жылы су тасықыны келіп, елдің үрейін ұшырып, елді мекендерді су басты. Ал, биыл дәл сондай алапат тасқын болады деп болжам айтылғанмен су қарқыны баяу болды. Соның өзінде де ауыл, ауылдық округтер бағытына баратын көтерме жолдарды су жырып кетті. Ең даладағы сай – салаларды суға толтырды. «Су елдің несібесі» деп айтуға қорқатын болдық. Себебі, адамзат баласы еш уақытта су тілемеген. Былтырғы табиғаттың тосын мінезі табиғи апатқа жалғасты. Қыс айында қар көп болды. Көктем айында күрт еріп, қарғын су өзендерге құйылды. Арнасынан асқан өзен көлдер маңындағы елді мекендерге аса қауіп төндірген жоқ.
«Тасқын су баяу болғанымен шабындыққа жақсы жайылды. Мал жайылымы да биыл жақсы болады деп үміттеніп отырмыз. Сәуір айындағы «Бес қонақ» жауын – шашынға жалғасуда. Бұл әрине табиғаттың заңдылығы. Қауіптің алдын алу шараларын уақытылы қамтыдық. Наурыз айынан бастап, өзен жағалауына орналасқан шаруа қожалықтарын қауіпсіз аймаққа көшірдік. Біз күні бүгінге дейін бақылауда ұстап отырмыз. Халықтың амандығы біз үшін маңызды», – дейді жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері.
Тасқын судың қарқыны баяу болса да былтырғы деңгейде жайылды. Жайылған судың көлемі көңіл көншітеді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.